Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет114/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Қуық- несепағар рефлюксі
Қуық-несепағар рефлюксі бар науқастардың көбінде созылмалы пиелонефрит анықталады. Леонова Л.В. мен А.Л.Ческис (1986) зерттеулері бойынша қуық-несепағар рефлюксі бар науқастардың 59%-да, нефробиопсия арқылы пиелонефрит диагнозы, ал 15%-да пиелонефротикалық бүрісу табылған. Науқастардың 10%-да пиело-нефрит дамуының негізінде кіші жастағы балалардың бүйрек тіні-нің дамымауы және бүйрек паренхимасының дисплазиясы жатыр.
Қазіргі уақытта қуық-несепағар рефлюксі мен уретеро-везикальдық өзектің жетімсіздігінің патогенезінде төменгі зәр шығару жолдарынан функцияларының бұзылыстары жатқаны белгілі. Қуық-несепағар рефлюксі бар балалардың 75-77,3%-да детрузды сфинктерлік диссинергия табылады және оның клиникасы поллакиурия, императивтік зәр шығару, энурезбен сипатталады (Державин В.М., Джавад-Заде, 1976).
Сурет IV.7. Қуық-несепағар рефлюксінің жіктелуі

Уродинамиканың функциялық бұзылысы обструктивтік бұзылыстар клиникасына ұқсайды және екіншілік циститте өзек функциясының өтімсіздігі (декомпенсациясы) дамиды. Аталған динамикалық бұзылыстар қуық-несепағарлық қысым градиенті бұзылысына және жоғары зәр шығару жолдарына зәрдің кері ағуы феноменіне әкеледі. Ол, өз кезегінде, уретеровезикалдьық өзектің профилометриясы мәліметтерімен дәлелденеді (Вишневский Е.П., Брун Е.Д., 1984, Державин В.М. т.б. 1984) М.Д. Джавад-Заде және т.б. авторлары (1986) қуық-несепағар рефлюксі бар науқастарда уродинамика бұзылысы қуықтың зәрге толу фазасында туындайтынын интермитирлеуші қуық ішілік гипертензиямен жүретіндігін дәлелдеген. Уродинамикалық зерттеулер кезінде қуықтың физиологиялық көлемі кішірейгені анықталады және детрузор толуы жоғарылайтынын дәлелдейді.


Қуық-несепағар рефлюксі кезінде жоғарғы зәр шығару жолдарының жиырылғыш белсенділігіның аутуымен қатар инфекция қосылуы теріс әсер көрсетеді. Көбінесе несепағардың төменгі цистолында гипотомия байқалады, ал қуық-несепағар рефлюксінің III-IV дәрежесінде, аталған аумақта аперистальтикалық зоналар табылады. Сонымен қатар, несепағардың ритмикалық перистальтикалық қызметі қуық толық босаған кезде жүретіндіктен қуық-несепағар рефлюксі бар науқастада жиі зәр шығару байқалады. Қазіргі заман жетістіктеріне байланысты, қуық-несепағар рефлюксі бар науқастарды диагностикалық зерттеулер қатарына төменгі зәр шығару жолдарын уродинамикалық зерттеу әдістерін және анальдық сфинктер электромиографиясын қосу қажет.
Балаларда, қуық-несепағар рефлюксін анықтауда негізгі роль рентгеноурологиялық зерттеулерде жатыр (цистоуретерография, экскреторлы урография). Алайда, В.М.Державиннің пікірінше, рентгеноурологиялық тексеру және оларды дұрыс интерпретациялау үшін көптеген факторларды ескеру қажет.
Біріншіден, тостаған-астауша жүйесінің анатомиялық құрылыс түрін, бірінші несепағар цистоид көлемін, зәр ағымы көлемін, қуықтағы зәр толу көлемін, қосылған пиелонефрит белсендігін білу қажет. Зияткерлер, сонымен қатар, балаларда зәр шығару перфузиялық түрде болуы мүмкіндігін айтады, яғни тостаған-астауша жүйесінің және несепағардың релаксация жағдайында іске асады. Бұл балаларда зәр шығару жолдарының бейімделгіштігін (лабильділік) көрсетеді. Перфузиялық типке өту белгілі шамадан (3-4 мл/мин.) асқаннан соң пайда болады және зәр эвакуациясы тоқтамай жүрумен болады. Сонымен қатар, перфузиялық түр урография алдында қабылданған сұйықтық көлемінің аз болуымен де байланысты болады. Мұндай жағдайда урограммада жоғары зәр шығару жолында ретенциялық өзгерістер пайда болады.
Қуық-несепағар рефлюксі бар балаларда консервативтік емді жүргізу көрсеткіші және оның уақыты рефлюкс дәрежесіне байланысты қойылады. Бұл кезде пиелонефриттің клиникалық-зертханалық көрінісін, бүйректің қызметтік жағдайын, оның паренхимасы дамуын, төменгі зәр шығару жолдарының уродинамикалық қабілетін ескереді. Балалардағы қуық-несепағар рефлюксініңің функциялық бұзылыстарының көбеюі консервативтік емді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Жергілікті қабынуға қарсы, антибактериальдық еммен қатар анальдық электростимуляция, Белла бұлшық етін, Льето үшбұрышын, қуықтың уретеро-везикулярлық сегментін электростимуляциялау (Георгиц Н.К., 1984, Плутовых Н.Н. 1984; Державин В.М. 1986; Джавад-Заде М.Д. 1986; Тульцев А.И. 1986) және жергілікті фармакодинамикалық іш қуысы ішілік электрофорез және антихолинериялық препаратпен Льето үшбұрышының инъекциясы қолданылады (Прутовых И.Н., Салов П.П. 1984).




Сурет IV.8. Қуық бүйрек рефлюксі

Қуық-несепағар рефлюксі бар балаларда, консервативтік ем науқастардың 72,1%-да (Прутова Н.Н., Салов П.П. 1984), рефлюксте – 84,2% (Яцык Г.К. 1984), ал I-II дәрежелі науқастарда сауығу 62,9-100% оң нәтиже береді (Георелу И.К. 1984; Державин В.М. 1984). Алайда, егер созылмалы пиелоневрит қосылған болса қуық несепағар рефлюксінің толық жоғалуы, атрофиялық өзгерістердің толық алдын-алуға септігін тигізбейді (Тихонов Ю.А., Кал Я.Д. 1984)


III-IV дәрежелі қуық-несепағар рефлюксінде консервативтік емнің төмен нәтижелігіне байланысты, антирефлюкстік әртүрлі инъекциялар енгізу арқылы үнемі коррекция жасалынып отырады. Көбіне Грендар, Политано-Леодбеттер әдісі қолданылады. Алайда, соңғы жылдары ең сәтті нәтиже - Коэн операциясы екенін көрсетіп жүр. Державин В.М. және т.б. авторлар (1986) айтуы бойынша, Коэн операциясы науқастардың 98%-ның жазылып кетуін қамтамасыз етеді.
Балалар урологиясында лазерлік көмірқышқылды скальпельді қолдану кезінде Румянцева Г.Н. т.б. зияткерлер операциядан кейінгі уақытта ауырсынудың, дизуриялық көрсеткіштердің азайғанын, артифициалдық өзектің ісінуінің болмағанын, шырышасты туннель сапасы жоғарлағанын байқаған. Аталған скальпельді қолдану, сонымен қатар, операция кезінде несепағар катетеризациялауын жүргізбеуге, операциядан кейінгі асқынулардың азаюына септігін тигізеді. Бұл әдісті қолданғанда науқастардың 94%-да жақсы нәтиже көрсеткен (Никольский А.Д. 1985; Румянцева Г.Н. 1986).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет