Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет8/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Инструменталдық әдістер


Бронхоскопия. Балалар өкпесінің әртүрлі ауруларында бронхоскоптың көмегімен бронх тармақшаларын визуальдық тексеру бағалы диагностикалық әдіс болып табылады.
Көрсеткіштер: диагностикалық және емдік мақсатта. Диагностикалық бронхоскопияны трахея және бронхтарда бөгде зат болғанда, ісік кезінде, трахея және ірі бронхтардың даму аномалиялары мен ақауларында, өкпенің іріңді ауруларында, операциядан кейінгі кезеңдегі асқынулар кезінде жүзеге асырады. Емдік бронхоскопияны трахея және бронхтан бөгде затты алу үшін, іріңді ауруларда бронх тармақшасының санациясы үшін, операциядан кейінгі кезеңдегі кейбір асқынуларды жою үшін қолданады.
Әдістемесі. Бронхоскопияны бұлшық ет релаксанттарын қолданумен жалпы анестезия арқылы жүргізген дұрыс.
Өкпені гипервентиляциялағаннан кейін, ларингоскоптың бақылауымен, апноэ жағдайында трахеяға бронхоскопты енгізеді. Дауыс саңылауынан енгізу барысында бронхоскоптың тубусын осі бойынша 900-қа бұрады. Содан кейін ларингоскопты алып тастайды, ал бронхоскопты ары қарай енгізеді. Бронхоскопты сол жақ негізгі бронхқа енгізу үшін баланың басын және мойнын оңға қарай бүгеді, бронхоскопты оң жақ негізгі бронхқа енгізу үшін баланың басын және мойнын қарама-қарсы жаққа бүгеді.
Асқынулар. Бронхоскопияны жүргізу барысында ауыз бен жұтқыншақтың кілегей қабаты зақымдалуы мүмкін, ларингоспазм, регургитация.
Әдісті бағалау. Рентгенологиялық зерттеу арқылы анықталмайтын трахея мен бронхтағы бөгде заттың диагностикасы тек қана бронхоскопияның көмегімен анықталады. Бронхоскоптың көмегімен бронхтан өскен ісік, трахея және бронхта жыланкөз болғанда нақты диагноз қойылады. Бронхоскопия бронхоэктаз кезінде кілегей қабықтың жағдайын, қақырықтың мөлшері және сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Функциялық әдістер


Торакальдық хирургияда, ренгенологиялық және инструментальдық әдістермен бірге, клиникалық және рентгенологиялық тексерулер нәтижесінде қалыптыдан ауытқуды таппаған жерде өкпе зақымдануларын ерте табуға көмектесетін функциялық тексеру әдістері кеңінен қолданылады. Функциональдық диагностикалау әдісі, өкпенің бір немесе екі жақты зақымдалуы кезінде, компенсаторлық механизмдерді және резервтік мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізілетін терапияның нәтижелілігі функциялық өкпелік сынамаларының көмегімен жеңіл анықталады.
Спирометрия және спирография. Сыртқы тыныс алу функциясын тексеру, бұны өкпелік көлемді және вентиляциялық көрсеткіштерді өлшеуден бастайды. Құрғақ және ылғалды спирометрлердің көмегімен келесі көрсеткіштерді оңай анықтауға болады: тыныс алу көлемі, тыныс алу мен тыныс шығарудың резервтік көлемі, тыныс алу сыйымдылығы және өкпенің өмірлік сыйымдылығы.
Көрсеткіштері. Аталған өкпе көлемі мен сыйымдылығын анықтаудың, балалардағы өкпенің және жүрек патологиясын зерттеуде үлкен практикалық маңызы бар: олардың азаюына әр түрлі себептер әкеледі:

  1. Көкірек қуысының кеңею мүмкіндіктерінің шектелуі: операция уақытында бүйірлеп жату, көкірек қуысының деформациясы, қабырғаның сынуы кезінде қатты ауырсыну және т.б.

  2. Ісікпен басылып қалған бронхиолалардың өтімсіздігі, өкпе ісінуі, пневмония, ателектаз, өкпе тіндерін хирургиялық алып тастау нәтижесінде жұмысқа қабілетті өкпе тінінің мөлшерінің азаюы.

  3. Асцит, құрсақ қуысының ісігі, метеоризм, диафрагманың жарақаты нәтижесінде диафрагма қозғалысының шектелуі.

  4. Пневмоторакс, диафрагма жарығы және т.б. кезіндегі өкпенің кеңеюінің шектелуі.

Қарсы көрсеткіш: науқастың жалпы жағдайының ауырлығы.
Әдістемесі. Спирометрияны негізгі алмасу жағдайында жүргізеді. Орташа және ересек жастағы балаларда спирометрия жүргізу әдістемесі ересек адамдардан ерекшілігі жоқ. Жаңа туған және омырау жасындағы нәрестелерде спирометрия үшін ВНИИМП шығарылған ылғалды спирометр С-1 қолданылады. Баланы столға жатқызады. Егер бала тыныш болса, оның басын артқа қарай шалқайтып, бетіне маска қояды. Масканың көлемі 6 айға дейінгі балаларда 30-50 мл және 6 айдан жоғары балаларға 50-100 мл. Бала тыныш тыныс ала бастағаннан кейін масканы спирометрге жалғайды. Шкала бойынша тыныс алу тереңдігін белгілейді, бір мезгілде тыныс алу жиілігін де есептеп отырады. Тыныс алу жиілігін көлемге көбейту арқылы өкпе вентиляциясының минуттық көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Өкпенің өмірлік сыйымдылығын есептеу үшін оның максималды деңгейін алады. Өкпе көлемінің деңгейі және вентиляциялық көрсеткіштер жалпы қабылданған әдістер бойынша қалыпты шарттарға әкеледі.
Нитрометр немесе гелиометр түріндегі газоанализаторды спирометр С-1-ге жалғастырылғанда, сонымен бірге, балалар өкпесінің қалдық көлемін және функциялық қалдық өкпе сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде тыныс алу контурындағы жүйе жартылай ашық қалыптан жабық қалыпқа ауысады. Ары қарай анықтау әдістемесі ересектердегі анықтау әдістемесіне сәйкес келеді.
Әдісті бағалау. Түрлі өкпе ауруларында өзгеретін бұл әдіс көптеген өкпе көлемдерін және вентиляциялық корсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Тыныс алудың минуттық көлемінің болу керек деңгейінен +20%-тен жоғары өзгеруі вентиляциялық өзгерістердің бар екендігін көрсетеді. Бұл өкпелік газ алмасудың бұзылуына әкелетін гипо- немесе гипервентиляцияның себебін іздеу керек екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет