Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет101/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Зәрдегі цилиндрлер (цилиндрурия). Цилиндрлер тек бүйректе түзіледі. Олар гиалиндік, эпителиальдық, қандық түйіршіктер сияқты болады. Дені сау балаларда олар анықталмайды. Бүйрек тіндерінің ауыр зақымдануында арнашықтар аппараттарында балауыз тәрізді (бүйректе дегенерализациялық үрдіс көбіне арнашықтарда) цилиндрлер болады. Зәрде құрамында цилиндрлер бүйрек патологиясында, қант диабетінде, сары ауруда, іш өту т.б кезінде болуы мүмкін.
Цилиндрлерден басқа цилиндроидтарды бөліп қарайды. Олар гиалиндікке ұқсас, бірақ біркелкі еместігімен ерекшеленеді. Олар кристалдардан, зәр қышқылы тұздарынан, зәр қышқылдық аммонийден, шырыштардан, бактериялардан және лейкоциттерден тұрады. Олар көбінеесе жедел гломерулонефритте клиникалық сауығу кезінде кездеседі.
Бірлеспеген зәр тұнбалары (уратурия, фосфатурия), уратурия – жоғары зәр қышқыл тұздарының бөлінуі – ет тағамдарын көп мөлшерде жегенде, қызба, бұлшық ет әлсіздігінде, белок ыдырауында, жаңа туған нәрестелердің алғашқы күндерінде (зәр қышқылды инфаркт) болады.
Оксалатурия – зәрмен бірге көп мөлшерде қымыздыққышқылды кальцийдің бөлінуі. Көбіне қымыздық қышқылына бай тамақ ішкенде және организмде тіндердің ыдырауында (дистрофия, диабет, нервті-артриттік диатез, туберкулез) қалыпты зәрмен оксалаттар бөлінеді, әдетте қымыздық қышқылды кальций кристалымен эритроциттердің анықталуы тастардың болуын көрсетеді.
Фосфатурия – фосфаттардың көп мөлшерде бөлінуі - қышқыл реакциялы зәрде - өсімдік тағамдар, жемістер, зат алмасу бұзылысы, ӨЖЖ функциялық зақымдалуы және күюлерде байқалады.
Зәрде холестерин (хилурия) кристалы және гиппурия қышқылы (салицил препараттары), (бауыр ауруларында, скарлатинада) өт пигменттері, (іш қату кезінде ішекте ақуыздырдың массасының шіруінәтижесінде) индикан, сондай-ақ қант диабетінде, тамақ қорытудың бұзылысында, инфекциялық ауруларда болады.
Зәрдегі ацетон (ацетонурия) тамақтанудың ауыр бұзылыстарында, көмірсу тапшылығында, қант диабетінде, тұрақты қызбада анықталады.
Зәр зерттеудің сандық әдісі. Балалар нефрологиясында Зимницкий сынамасы және кең таралған сынама – сау балаларда сандық және зәрдің салыстырмалы тығыздығы, құрамында хлоридтер кең көлемде болуы. Патологиялық жағдайларда бұл көрсеткіштер бір сарынды және никтурия, концентрациялық және бүйрек функциясының бұзылысы.
Пішінді (формалық) элементтерді анықтау Каковский-Аддис, Амбурже, Нечипоренко зерттеу әдісімен анықталады.
Каковский-Аддис сынамасы – тәуліктік зәрде пішінді элемент-терді анықтау. Дені сау балаларда 2 млн-дай лейкоцит-тер, 1 млн-ға дейін эритроциттер және 20 мыңға дейін цилиндрлер бөлінеді.
Амбурже әдісінде - бөлінетін зәрдің 1 мл-де 4000-ға дейін лейкоциттер, 1800-ге дейін эритроциттер анықталады.
Нечипоренко сынамасында да –дені сау балалардың 1 мл зәрінде лейкоциттер 400, эритроциттер 2000-ға дейін анықталады.
Зәрде Штернгеймер-Мальбина жасушаларын анықтау («жылтыр жасушалар»). Бұл үлкен, дңңгеленғен, сопақ немесе алмұрт тәрізді пішінмен, жарқыраған протоплазмамен ерекшеле-неді. Бұл жасушалардың гранулалары броундық қозғалыста қатысады. Зәр жолдарының жиі қабынуында және пиелонефритте гранулоциттер түрлері өзгереді, төмен осмостық қысымда олар ісінеді, ұлғаяды және Ш-М жасуша құрамына өзгереді.
Зәрде белсенді лейкоциттерді анықтау. Зәр жүйесінде микробты қабыну үрдісі дамуында түрлері өзгерген гранулоциттер анықталады. оларға дистиляцияланған су қосқанда, осмостық қысымының төмендеуіне байланысты, Ш-М жасушаларына ауысады Оларды белсенді лейкоциттер деп атайды. Олар пииелонефритпен сырқат науқастардың барлығында байқалады, бірақ нақтылы, абсолютті көрсеткіш деп есептелінбейді, себебі олар сау балалар зәрінде де кездеседі.
Лейкоцитурия және белсенді лейкоциттерді анықтау мақсатында провокациялық сынамалар жасайды (преднизолондық, УВЧ сынамасы және т.б.). Бұл сынамаларда зәрдегі лейкоциттердің саны 2 есе және одан көп жоғарлайды. Осы сынамалар пиелонефриттің жасырын (латентті) өтуі кезінде сырқаттануды диагностикалау мақсатында және гломерулонефриттерде емнің тиімділігін бағалауда және стационардан шығару кезінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет