Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ



бет135/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ


Бүйректің жабық зақымдалуы.
Балаларда бүйректің жабық зақымдалуы жиі кездеседі, ал ашық зақымдалу өте сирек. Жабық жарақаттардың негізгі себептері: ішке және белге соққы алу, биіктіктен құлау, тасымал-көлік жарақаттары. Жарақаттаушы күштер бүйректі оңай басып, оны өз орнынан белдің қозғалмайтын бөліміне қозғап, (мысалы, омыртқаның өсінділері мен қабырғаларға), оның жарақаттануына әкеледі. Бұл жағдайларда бүйректің зақымдалу дәрежесі жарақаттаушы күштің әсеріне сәйкес бола бермейді. Зақымдалуға, бүйректің туа біткен ақаулары (қосарлануы, таға тәрізді, кистозды, гидронефротикалық және т.б.) бейім келеді. Аздаған соққы алған жағдайлардың өзгеріске ұшыраған бүйрек тез зақымданады.
Бүйректің өтпелі және өтпелі емес зақымдануларын ажыратады: өтпелі зақымданулар - астауша-тостағанша жүйенің бүтіндігінің бұзылуымен, паренхиманың жарылуы, қансырау және зәрдің бүйрек маңындағы алаңға жиналуы (урогематома) сипатталады. Өтпелі емес зақымдалуларда бүйрек капсуласы бүтін және зәр бүйрек маңындағы тінге шықпайды. Ең ауыр, сирек кездесетін зақымдануға бірақ бүйрек-тің толық езілуі мен бүйрек аяқшаларының үзілуі болып жатады.
Клиникасы және диагностикасы. Бүйрек жарақатында клиникалық суретіне триада симптомы тән: ауырсыну, гематурия, бел аймағындағы ісіну. Зақымдалудың орналасуына және ауырлығына байланысты бұл симптомдар айқын және көмескі болып көрінуі мүмкін.
Ауырсыну – жиі кездесетін белгі. Ол, әдетте тұйық, сыздама-лы, тек кейде ұстама тәрізді болып келеді. Ауырсынудың тез күшеюі несепағардағы қан ұйымдылардың болуына байланысты. Гематурия, жиілігі бойынша бүйрек зақымдалуындағы екінші белгі, қарқындылығына байланысты әртүрлі: микрогематуриядан профузды бүйрек қан ағуларына дейін болады. Оның ұзақтығы - бірнеше сағаттан бір жарым аптаға дейін. Қайталама гематурияның себептері: қан тамыр эрозиясы, тромб үзілуі, бүйректің инфаркт болуы мүмкін. Бүйрек аяқшаларының үзілуінде гематурия болмайды, құрсақтан тыс көлемді қан құйылулар салдарынан шок дамуына байланысты науқастың жалпы жағдайы күрт төмендейді.
Бел аймағындағы ісіну, урогематоманың болуымен және жарақат әсерінен болған тіндердің ісінуімен байланысты. Көбінесе ол бүйректің ауыр жарақаттарында байқалады. Ісіну жарақаттан кейінгі алғашқы күндері сирек кездеседі, тек 2-3-ші күндер байқалады. Үлкен гематомалар (урогематомалар), ретроперито-неальдық клетчатка бойымен кең жайылуы мүмкін: диафрагмадан тоқ ішектің жоғарғы және төменгі өрмелеуші бөлімдерімен жамбасқа дейін. Құрсақтың және бел бұлшық еттерінің жарақат маңындағы жиырылуы оны анықтауға қиындатады. Сонымен қатар, құрсақтан тыс гематома салдарынан іш пердесінің тітіркенуі, құрсақ қуысының алдыңғы бетінде және бел аймағындағы пальпация кезінде ауырсыну болады, кейде Щеткин-Блюмберг симптомы «оң». Пастернацкий симптомы да гематомаға тән. Кейде, іштің қампаюы, ішек перистальтикасының болмауы байқалады. Инфекцияланған урогематома кезінде қызба пайда болады, бел аймағындағы ісіну ұлғаяды, жергілікті гиперемия және тері қызуының көтерілуі байқалады. Жарақаттан кейінгі алғашқы сағаттардағы лейкоцитоз, инфекция қосылған жағдайда анағұрлым жоғарылайды. Бүйрек жарақатына күдіктенген кезде, зақымдалу сипаты мен дәрежесіне, контралатеральды ағза жағдайына қарай операциялық ем аса маңызды экскреторлық урография көрсеткіштеріне талдау жасау нәтижесінде жасалады. Бүйректі контрасттық тексеру жүргізілмесе, бүйрек артериясының тромбозын анықтау және бүйректің зақымдалу сипатын анықтау үшін, урограммамен қатар бүйрек ангиографиясын жүргізу көрсетіледі. Клиника-рентгенологиялық көрсеткіштері күмәнді болған жағдайда мүшенің орналасуын, көлемін, микроқұрылымын көрші ағзалармен қатынасын, бүйрек маңындағы гематома болуын және көлемін анықтайтын УДЗ жүргізу қажет. Патологиялық үрдістің өсу динамикасы мен бүйрек функциясының жағдайын бағалау үшін радиоизотоптық ренография жасалады (J132-гиппуран). Ол бүйректің беткі зақымдалулары мен жарылулары кезіндегі паренхиманың бұзылуы орналасуын көрсетеді.
Бүйрек зақымдалуына күмәнданған барлық жағдайларда көкбауыр, ішек сияқты құрсақ қуысының мүшелерінің жарақаттану мүмкіндігі бар екендігін есте ұстау қажет. Бұл жағдайларда құрсақ қуысы мүшелерінің зақымданғандығына көз жеткізетін, бүйрек маңындағы, құрсақтан тыс гематоманы анықтауға, оның мөлшерлі көлемін, яғни қосалқы бүйрек зақымдалуын анықтайтын шынайы (объективті) қосымша диагностика әдісі лапароскопия.
Емі. Бүйректің тесілмеген зақымдалуы кезінде, қатаң төсектік режим, гемостатикалық және антибактериалдық терапия белгіленеді. Урогематома және анемия жоғарлаған жағдайда урогематоманы және өмір сүруге қабілетсіз паренхима бөлшектерін алып тастау, бүйрек жарықтарын тігу, бүйрек маңындағы клетчаткаға нефростома мен дренаж қою сияқты шұғыл оперативтік ем жүргізіледі. Бүйрек езілуінде, немесе аяқшаларының үзілуінде нефрэктомия қолданылады. Айқын урогематома жағдайында оперативті емнен бас тарту, бүйректі басу, және нефрогендік гипертензияның дамуына әкелетін «дөрекі» тыртықтардың пайда болуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет