Бүйрек үсті безіне қан құйылу. Тума зақымдалу нәтижесінде бүйрек үсті безінің тініне қан құйылып, капсула астына қан жиналуы мүмкін. Капсула жыртыл-ған кезде қан бүйрек маңында, құрсақ арты кеңістігінде, шап аймағында, ұлдарда ұмада кейде құрсақ қуысына жиналуы мүмкін.
Бүйрек үсті безіне қан құйылғанда анемия, пальпация кезінде құрсақ қуысында ауырсынатын ісік, ал 2-3 күннен кейін бүйрек үсті безінің функциясының, жетіспеушілігі анықталады. Нәрестенің жағдайы ауыр, қимылсыз жатады, анасының омырауын алмайды, берген сүтті құсып тастайды, жылағанда дауысы шықпайды, температурасы төмендейді, өне-бойы бозарып, іші қампиып кетеді. Зақымдалған бел аймағында ауырсыну мен ісіну анықталады.
Диагноз УЗИ, рентгенография және клиникалық көрініс негізінде қойылады. Рентгенограммада құрсақ арты кеңістігінің кеңеюі анықталады.
Бүйрек үсті безіне қан құйылып, бірақ құрсақ қуысына қан кетпеген жағдайда консервативтік ем жүргізіледі. Нәрестелерге гидрокортизон немесе преднизолон беріледі. Бүйрек үсті безінің гематомасы бүйректі ығыстырып, оның функциясына кері әсер ететін жағдайда ұйылған қанды алып тастау үшін 2-3 аптадан кейін люмботомия жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |