НЕВРАСТЕНИЯ
Неврастенияны алғаш 1869 ж. Америка психиатры Дж. Бирд сипаттаған.
Невроздың бұл түрі американдык өмір сүру салтына тән болып есептелді, онда
капитализмнің каркынды дамуы жағдайында, пайда мен байлыктың соңынан куу
басым мәнге ие. Невроздың бұл тобыныщ клиникалык көрінісіне барлык
психикалык үрдістердің айкын кажуы тән болады. Наукастар тез шаршайды,
көңіл-күйі тұраксыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл пайда
болады.Үйкы бұзылысы байкалады, өте нашар ұйыктайды немесе ұйкысы шала,
жиі оянады, ұйкыдан кейін демалғандык сезімі болмайды. Жалпы психикалык
колайсыздык жағдайы соматовегетативтік бұзылыстармен бірге жүріп отырады.
Неврастенияның клиникалык көрінісіндегі психопатологиялык бұзылыстар
неврастенияда үш сатыны немесе форманы ажыратуға мүмкіндік берді:
гиперстениялық, тітіркенген элсіздік
(өтпелі) және
гипостениялық.
Классикалык
жағдайларда ауру гиперстениялык көріністерден басталады, содан кейін
тітіркенген әлсіздік және гипостения байкалады.
Гиперстениялық
сатысындағы
наукастарда жоғары тітіркенгіштік, ұстамсыздык, шыдамсыздык, зейін бұзылысы
байкалады. Сонымен катар, өршу кезеңдерінде ментизм белгілері байкалады:
ойлары ретсіз шатасады, хаосты, бірак жаттылык және еріктен тыс пайда болу
сезімі болмайды. Бұл —
астениялық ментизм
деп аталады.
Невроздың әрі карай дамуында симпатикасы бірте-бірте өзгереді. Ең ба-
стысы — тітіркенген әлсіздік белгісі болып табылады. Тітіркену көріністері
айкын әлсіздікпен бірге жүреді, жиі наукастың гиперактивтілігімен алмасып
отыратын апатия, ұйкышылдык эпизодтары пайда болады. Наукастар бастаған
ісін жылдам кажу әсерінен соңына дейін аяктамайды.
К ейінірек интеллектуалды кажу, ф изи калы к жұмыстарды орындау
киындығы, жоғары ұйкыш ылдык, әлсіздік, кейде күнделікті жұмыстағы
белсенділіктің күрт төмендеуімен көрінетін психикалык ж әне ф изикалы к
Неврастения
215
астения симптомдары басым бола түседі. Суреттелген күй неврастенияның
гипостениялық
сатысына тән.
Наукас Н. 27 жаста, инженер. Түскен кезінде жұмыска деген кабілетінің
төмендеуіне, тітіркендіргіштікке, ұйкы сезімінің болмауына шағымдар айтты.
Тұкым куалаушылык ауырлығы жок. Әкесі жуас, сыпайы, жолдасыныщ
айтканын тыңдайды. Анасы — өзінің айтканын жасататын, талапшыл адам.
Наукастың мінезі ашык, максаткұмар, өзгелердің ескертулерін жүрегіне
жакын кабылдайды. Істеген істерін анасының бакылауы бойынша, айтуынша
жасаған. Мектепте жаксы окыған, бірак жоғары баға оңайлыкпен алынбаған.
Жиі өзін әлсіз сезінген, анасының ескертулеріне тітіркенумен жауап білдірген.
Мектеп бітірісімен, машина кұрастыру институтына түскен. Окуының бастапкы
курстарында өзімен курстас кызбен таныскан, оған үйленгісі келген. Анасының
ыкпалынан кейін үйленуден бас тартуға мәжбүр болған. Осы жағдайдан кейін
көңіл-күйі төмендеп, мұңға түскен, бірак көп ұзамай өзін колға алып, сабырға
түскен. Институтты бітірген соң инженер мамандығы бойынша жұмыска заводка
жіберілген. Тез арада өз міндетін үйреніп, жұмыстас кызметкерлерімен жаксы
катынаста болған, кейінірек өте жауапты жұмыска ауыстырылған. Қиын жұмыс
орнына тап болып, жауапты шешім кабылдауға, үлкен ұжымды баскаруға тура
келген. Жұмысында киыншылыктар, кателіктер орын алған, наукас осыларды
көңіліне алып, ауыр күйзелген. Зауыт баскармасы жұмысындағы кателіктері
үшін ескертулер жасаған. Өзінің кабілетіне сенімсіздік пайда болған. Жұмыска
барғысы келмей, жұмыс уакытының аяғына карай шаршау күйін сезінген.
Жүрек тұсында жағымсыз сезімдер, кейде айкын тершеңдік байкалған. Үйінде
анасының кеңестерін сабырмен кабылдай алмаған. Жылдам тітіркеніп, одан
кейін өзін одан да нашар сезінетін болған. Түнде нашар ұйыктап, оянғанда
калжырау күйін кеш кен. Ш ешім кабылдау киы нға түскен. Өз істерінің
дұрыстығына сенімсіз болған, жолдастары ұмытшак болып кеткендігін ескерт-
кен. Жолдастарымен сөйлескенде тітіркенгіштік таныткан, артынан жиі өкінген.
Осы күйі күшейіп бара жатканын сезіп, учаскілік дәрігерге каралған, невроздар
бөлімшесіне емделуге жолданған.
Психикалык жағдайы: уакыт және орын бойынша бағытталған. Бас ауыру-
ына, ұйкыға кетудің киындығына, жиі оянатынына, шала ұйкыға, тахикардияға,
тершеңдікке, сирек вегетативті криздерге шағымданады. Өз жасынан ересек
болып көрінеді, бет әлпеті кажыған, байсалды. Өз күйзелістері жөнінде ашык
айткысы келмейді. Жұмысын меңгере алмайтынына, басшылык оның іскерлігін
канағатсыз деп бағалайтындығын айта береді. Бөлімшеде баскалардан бөлектеніп
жүреді, көп ұйыктайды, карым-катынаска талпынбайды, ойға шомған күйде
жүреді.
Бағытталған психотерапиямен кешенді ем жүргізгеннен кейін наукастың
жағдайы жаксарды. Сергектік, еңбекке деген кабілеттіліктің пайда болғанын,
карым-катынаска талпыныс пайда болғанын, өзін жаксы сезінетінін айтады.
Өз күйін және болған дертті жағдайды дұрыс бағалайды.
Неврастенияның күрделі клиникалык көрінісінің хабаршы белгілері өткінші
астениялык реакциялар болып табылады. Кейінірек неврастенияның өзі дами
ды. Неврастенияның ұзактығы әр түрлі және бірнеше айлардан бірнеше жылға
216
XII Тарау. Невроздар
созылуы мүмкін, ол психогенияның айкындылығы мен әсер ету ұзактығына,
тұлға кұрылымына, органикалык закымның бар-жоғына, косалкы соматикалык
ауруларға және т.б. көптеген факторларға байланысты. Әдетте, психожаракаттык
жағдайларды жойғаннан кейін немесе оған деген наукастың көзкарасын
өзгерткенде ж әне сәйкес ем колданғанда наукас айығады. Бірнеше жылға
созылған невастенияны тұлғаның неврастениялык дамуы ретінде квалика-
циялауға болады.
Невроздык даму
жиі психикалык жаракат созылмалы әсер еткенде, тұлға
психотравмалык жағдайларға өзінің көзкарасын өзгертпегенде ж әне оған
бейімделе алмағанда дамиды. Бұл наукастарда невроздык симптоммен катар
аса үрейшілдік, шаршағыштык немесе каркынды аффективті реакцияларға
бейімділік, демонстративтілік, эмоционалды тұраксыздык сиякты мінез-кұлык
бұзылыстары байкалады. Бұл пайда болған мінез-кұлык бұзылыстарына наукас
сыни көзкараспен карайды ж әне ол бұзылыстар жеке жағдайларда, психо
жаракаттык ситуацияда пайда болады (О.В. Кербиков).
Осылайша, тұлғаның невроздык дамуы пайда болған бұзылыстарға сыни
көзкарастың сакталуымен ж әне невроздык ж әне мінез-кулыктык симпто-
матикалардың бірлестігімен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |