Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


НАРКОМАНИЯЛАР МЕН ТОКСИКОМАНИЯЛАР ЕМІ



Pdf көрінісі
бет156/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

НАРКОМАНИЯЛАР МЕН ТОКСИКОМАНИЯЛАР ЕМІ 
ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Наркомания белгілері аныкталған наукас арнайы психиатриялык бөлім- 
шелерге немесе тексерулер мен сәйкес ем жүргізу үшін стационарға орналасты- 
рылуы керек. Денсаулык сактау министрлігі наркомандар емінің ұйымдасты- 
рулык әдістемелік принциптерін аныктады.
Осы нұскау бойынша стоционарлык емнің минималды, 60 күннен кем болмауы 
тиіс (алғаш түскен және кайгалап түскен наукастар үшін де) мерзімі карастырылды.
Наркомания және токсикоманиямен ауыратын наукастарды емдеуде 3 саты-
ны бөледі.
Емдеудің бірінші сатысы абстинентті синдромды басуға және жүйелер мен 
мүшелердің кы зметін калыптастыруға бағытталған. И нтоксикация мен 
абстинентті синдром көріністерін басатын заманауи әдістер катарының 
жеткіліктілігі наркотиктерді бір сәтте токтатуға мүмкіндік береді.
Наркотиктерден ажырату кезінде және де ем жүргізу кезінде жедел реани- 
мациялык шараларды кажет ететін ауыр бұзылыстар байкалады. Сол себепті 
ауруханада сәйкес реанимациялык бөлімше (палата) болуы керек.
Емнің бірінші сатысында холинолитиктер, кураре тәрізді препараттар, 
симптоматикалык терапия, белсенді витаминотерапия, массивті дезинток- 
сикациялык терапиямен бірге инсулиннің аз дозасы колданылады. Соның 
ішінде психотерапияға аса көңіл бөлінеді.
Барбитурлык токсикоманияда абстинентті синдром өте ауыр түрде өтеді. 
Жиі өмірге кауіп төндіретін аскынулар туады (эпилепсиялык күйге дейін жететін 
эпилептиформды ұстамалар, сананың күрт күңгірттенуі). Сол себепті барбиту- 
ратгарды біртіндеп, 7-15 күн ішінде алып тастау керек. Кейде барбитуратгардың 
мөлшері ең жоғарғы тәуліктік мөлшердің жартысынан аспаған жағдайда,
2 -3 күн ішінде алып тастауға болады.
Апиындык-морфиндік абстиненцияны кайгару өте ауыр, сондыктан, бұл 
жағдайда кураре тәрізді ж әне холинолитикалык дәрілер бірлестіріп та- 
ғайындалады. Ем жүрек-кан тамыр жүйесі кызметін бакылауға алып, төсек 
тәртібінде арнайы схемамен жүргізеді.


Дәрілік, тағамдық, өндірістік және басқа улармен улану кезіндегі психикалық бүзылыстар
281
Наркоманиямен және токсикоманиямен сырқат науқастардың бірқатары 
сенгіш болып келеді, сол себепті тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып
реаблитациялық әдістермен бірге психотерапия жүргізу ұсынылады. Мұндай 
науқастар наркотик қолданудан толы қ бас тартудың 5 жылы өткенш е 
диспансерлік есепте тұрады және рецидивке қарсы терапия өтулері керек.
Наркомания 
профилактикасы
әлеуметтік және медициналық іс-шаралардан 
тұрады.
Біздің елімізде халқымыздың мәдени және өмірлік дәрежесі үнемі артып 
келеді, санитарлық жағдай мен медициналық көмек деңгейі жақсаруда. Елімізде 
наркотиктердің өндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда. Осының 
барлығы наркоманиямен күресудің ең тиімді жетістіктері болып табылады.
Наркомания жөнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету, нар- 
командарды ерте анықтап, уақытылы және белсенді диспансерлік ем жүргізу, 
сондай-ақ, қатаң түрде наркотиктерді есепке алып, сақтау наркоманияның 
алдын алудың сәттілігіне кепіл болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет