ХХІ Тарау
СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР МЕН
ЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Соматикалыц бузылыстар және эндокринопатиялар
кезіндегі психикалык
бұзылыстар клиникалык көріністеріне байланысты әр түрлі — жеңіл асте-
ниялык жағдайлардан айкын психоздар мен акыл кемдігіне дейінгі аралыкта
болады.
Соматогенді психоздар соматикалык аурулар ағымының әр түрлі кезеңінде
дамиды. Соматогенді психоздар патогенезінде бірнеше факторлар, соның ішінде
накты аурудың ағымы және ауырлык дәрежесі де маңызды болып табылады.
Бұл кезде гипоксияға, гиперсенсибилизацияға, «өзгерген негіз» фонындағы
(экзогениялардан кейін, әсіресе, бас-ми жаракаттарынан кейін, интоксикаци-
ялар және т.б. кейінгі) тамырлык және вегетативтік өзгерістерге үлкен мән
беріледі.
Тұрғындардың жалпы иммунизациясы және оның ағза реакгивтілігіне әсері,
соматикалык аурулар мен соматогенді психоздарды емдеудегі жетістікгер айкын
жедел психотикалык формаларының азаюына және созылыңкы баяу үдемелі
формаларыныщ көбеюіне әкелді. Аурудың клиникалы к ерекш еліктерінщ
өзгерістері (патоморф оз) сом атикалы к аурулар кезіндегі психикалы к
бұзылыстардың 2У есе азаюымен көрінді. Бір уакытта осы аурулар ағымы
формаларының сандык аракатынасы өзгерді. Жеке соматогенді психоздардың
(мысалы, аментивті жағдайлардың) ж ән е психоз дәрежесіне жетпейтін
психикалык бұзылыстардың кездесуі азайды.
Соматогенді психоздар кезіндегі психопатологиялык симптоматиканың даму
стериотипі астениялык бұзылыстардың басталуымен сипатталады, сонан соң
симптоматика психотикалык көріністермен ж әне эндоформды «ауыспалы»
синдромдармен алмасады. П сихоздардың нәтиж есі — сауығу немесе
психоорганикалык синдромның дамуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: