308
ХХІІ Тарау. Қан тамырлық аурулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
ЭТИОЛОГИЯ, ПАТОГЕНЕЗ
Атеросклероздық ж әне гипертониялы қ психоздардың, церебральды-
қантамырлық генезді психопатологиялық бұзылыстардың да этиологиясы мен
патогенезі жеткілікті зерттелмеген. Әлі күнге дейін неге кейбір жағдайларда
психикалық бұзылыстар дамиды, ал екінші бір жағдайларда дамымайтыны
анықталған жоқ.
¥ қ с а с ми аурулары кезіндегі психикалы қ бұзылыстардың клинико-
морфологиялық, биохимиялық зерттеулері және талдауында тура корреляция
анықталмайды.
Әр түрлі психикалық бұзылыстар кезіндегі себеп-салдарлық байланыстар
күрделі және көп қырлы. Соның ішінде ең көп мән церебральды-қан тамырлық
үрдістің үнемі серігі дисциркуляторлы бұзылыстар мен гипоксиялық факторларға
беріледі. Сонымен бірге, қан тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауына және су
алмасуының бұзылуына байланысты пайда болған ми ісінуі кейбір психотикалық
бұзылыстардың, әр түрлі көріністегі сана бұзылыстарының дамуына маңызды
себеп болып табылады. Қан тамырлық генезді психотикалық көріністердің
дамуында патологиялы қ негіздің, соны ң ішінде, патологиялы қ тұқым
қуалаушылық, преморбидті жағдай ерекшеліктері, жасына байланысты науқас
реактивтілігінің өзгеруі және әр түрлі экзогениялар мен психогениялардың да
мәні жоғары.
Бас миының қан тамырлық аурулары кезінде ақыл кемдігінің пайда болу-
ында мидағы деструктивті үрдістердің маңызы зор. Өнімді психикалық бұзы-
лыстарсыз ақыл кемдігінің дамуында қан тамырлық үрдістің баяу қарқыны да
маңызды рөл ойнайды.
Бас миының қан тамырлық аурулары кезіндегі психикалық бұзылыстардың
патоморфологиялық сипаттамасын бағалағанда, оны гипоксиялық энцефало
патия ретінде квалификациялауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: