Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспектісі
53
Сонымен бала өмірінің алғашқы үш жылында психика, әлемді танудың
психикалық формасы ерекшеленбеген, бағытталмаған, тітіркендіргіштерге
моторлы жауап беру (I кезең) жолынан, тітіркендіргіштерге күрделі сенсорлы
жауап беру (II кезең) жолына өтеді, бұл — барлық психикалық функция
эволюциясының негізі болып табылады (қоршаған ортамен мақсатты, белсенді
қарым-қатынас). Күрделі сенсомоторлы саралануы есте сақтау үрдісінің
дамуының негізі болып табылады — (III кезең). IV сенсомоторлы кезеңде
баланың сөйлеу қабілетінің дамуына байланысты түсініктер мен ой қоры-
тындылау мүмкіндігі пайда болады. Үш жастан бастап бала барлығын өзі жасауға
ұмтыла бастайды. Үлкендердің айтқаны ұнамаса, кері жауап береді. Баланың
белсенділігін шектеу арқылы ересектер оның дамуына кедергі жасайды. Соның
әсерінен баланың белсенділігі төмендеп, бір әрекет жасар алдында қорқақтап,
қимылы пассивті болады.
Балалардың үлкендермен белсенді қатынаста болуы, қызығушылығы,
қозғалмалылығы бала психикасының дамуын күшейтіп, шығармашылық,
қиялдау қабілетін күшейтеді. 4 -6 жастан бастап бала өзінің эмоциялық реак-
цияларымен көзге көрінеді. Баланың эмоциялық ұстамсыздығына үлкендердің
төзімді түзетуі қажет. Баланы үнемі тыйым салу жағдайында ұстау балада тұрақты
қарсылық реакциясын, негативизмді туындатады.
Балаларды тәрбиелеуде олардың тежеу реакцияларын жаттықтыру керек.
Егер отбасында үлкендер баланы үнемі ренжітсе, онда баланың тежелу реак-
циялары дұрыс қалыптаспайды. Балалар тез қажып, қырсық болады, өзіне және
қоршаған ортасына көп қиыншылық тудырады. 6 -7 жастан бастап бала өзінің
кейбір реакцияларын тежеп, ұстамдылықка үйренеді. Осы кезде баланың өзіндік
санасы дамып үлгеріп, ол өзін қоршаған ортадан жеке бөліп, қоршаған ортаға
қарсы тұра алады. Іс-әрекетті ойланып жасайды. Психикалық дамудың осы
деңгейі баланы арнайы бағдарламамен жүйелі оқытуға мүмкіндік береді.
Осылайша, кіші жастағы балалар психогигиенасының негізі олардың жасқа
байланысты патофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдас-
тырылған дұрыс тәрбие болып табылады. Балаға қоршаған ортаның барлығы
оптималды әсер етуі керек. Сыртқы көрініс, үлкендердің тәртібі, балалар
ортасындағы ойыншықтар, үйдегі заттар, киімдер, табиғат, күнделікті режим.
Барлық назар ата-анасының психогигиеналық білім деңгейін жоғарылатуға
бағытталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: