66
V Тарау. Психопрофилактика
жүргізу және диспансеризация, ішімдікке қарсы үгіт және профилактика ша-
раларын жүргізу болып табылады. Кабинет жұмысы әкімшілікпен, кадрлар
бөлімімен, зауыт комитетімен, маскүнемдікпен күрес комиссиясымен тығыз
байланыста жүргізіледі. Наркологиялық кабинетке есепке алу пациенттің
тұрғылықты жеріндегі психоневрологиялы қ диспансерді (егер болса,
наркологиялық диспансерді) міндетті түрде хабарландыру арқылы жүргізіледі.
Есептен шығару үшін ішімдікті толық тыйғаннан 3 жыл өткеннен кейін бола-
ды, ол объективті мәліметтермен дәлелденуі керек. Есепте тұрғандар жылына
2 рет наркологтан тексеруден өтіп тұрады, әрбір 6 айда бақылау нәтижелері
туралы мәліметтер тұрғылықты жердегі диспансерге жеткізіліп тұрады.
Н ауқастарға көрсетілетін емдік көм ек көлемі п си хон еврологи ялы қ
диспансерлердегі наркологиялық кабинеттегідей болады. Белсенді емнен кейін
қосымша қуаттандыратын терапия тағайындалады. Кейбір ірі өндіріс орында-
рында белсенді ем жүргізу үшін профилакторийлер, күндізгі немесе түнгі ста-
ционарлар жұмыс істейді. Қуаттандырғыш қосымша терапияның мақсаты —
ішімдікке деген теріс көзқарасқа жеткізу және спирттік ішімдіктерді пайдалануды
сенімді түрде тоқтату. Ішімдікке қарсы жұмыстардың маңызды бөлігі —
науқастардың тұрақты психотерапиялық ұжымын құру және емге қарсылық
көрсететін және ішімдік ішу дәстүрін таратушы адамдарды бөлек емдеу (изо-
ляциялау) болып табылады. Бұндай ауруларға тіпті, қоғамдық-әлеуметтік ша-
ралардан бастап, күштеп емдеу шаралары да қолданылады. Наркологиялық
кабинеттердің мақсаты — ішімдікке қарсы белсенді күрес, сауыққандарды
еңбекке тарту, орналастыру, көпшілік жерлерде ж әне өндірісте жетістікке
жетулерін қамтамасыз ету, олардың отбасылық бейімделуіне көмек беру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: