Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Ойлау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет73/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

139
Ойлау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері
Ойлау бұзылыстары балалар мен жасөспірімдік шақ психикалық ауруларының 
клиникасында үлкен орын алмайды.
Балалық шақта жиі сандырақ тәрізді фантазиялар кездеседі.
Сандырақтан айырмашылығы бұл фантазиялар тұрақсыз болып, бұл жағдайда 
науқастарға ұғындыруға болады. Фантазиялар арманшыл адамдарға тән, ал 
балалық шақта барлығы дерлік арманшыл, фантазияларға бейім болып келеді. 
Өздерінің фантазияларында балалар, жасөспірімдер өз армандарын, тілектерін 
шындыққа айналдырады, басты рөлді, әдетте ержүрек кейіпкер сипатында 
ойнайды. Фантазиялар маңыздылығын жоғалтқанша оларға сенеді, артынан 
қарапайым шынайылыққа оралады.
Сандырақ түзілуі үшін ойлаудың жетік дамуы қажет болғандықтан, бұл 
бұзылыс балаларда сирек кездеседі. Балаларда бұл функция әлі де толық 
құрылмаған және егер, сандырақтық идеялар пайда болған жағдайдың өзінде, 
олар әдетте примитивті және эмоционалды күймен байланысты болып келеді. 
Жақындарына деген жеккөрініш, белгісіз қауіптілікті сезіну сияқты көрініс 
береді. Балалар өз күйзелістерін нақты түсіндіріп бере алмайды. Балалық және 
жасөспірімдік шақта мазмұны бойынша жиі өзінің ұсқынсыздығы, бөтен ата- 
ана жөніндегі — ата-анасы өзінікі емес, ауыстырылған, бөтен жандар, аса бағалы 
немесе сандырақтық идеялар кездеседі. Балалар мен жасөспірімдерде жабысқақ 
идеялар жиі бақыланады.
Зерттеу әдістері
Ойлау үрдісін зерттеу үшін клиникалық әдістер: сұрау және бақылау қол- 
данылады. Науқастың не жөнінде және қалай сөйлегенін зейін қоя тыңдау 
арқылы сұраудың өзі ойлау үрдістерінің сипатын (оның жылдамдауын, баяу- 
лауын, байымдылығын, резонерлікті ж әне т.б.), құрылымдылығын, логика- 
лылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ойлауды зерттеуде науқастың өз ойын жеткізуіне мүмкіндік берген жөн, 
өйткені «сұрақ-жауап» жолымен әңгімелескенде көптеген бұзылыстар анықтала 
бермейді. Бұл кезде резонерлік, ойлаудың үзілуі, байланыссыздығы, аса бағалы 
идеялар, сандырақтық идеяларды анықтауға болады. Бірқатар бұзылыстар 
мақсатты сұрастыруды қажет етеді. Осылайша, жабысқақ ойлар (егер науқас 
оларға өздігімен шағымданбаса) анықталады. Аса бағалы және сандырақтық 
идеяларын науқастар белсенді әңгімелейді. Дегенмен, кейбір науқастар оларды 
жасырады немесе белсенді диссимуляциялайды (яғни, үзілді-кесілді теріске 
шығарады). Бұл жағдайларда науқастың бөлімшедегі, туыстарымен кездесуіндегі 
жүріс-тұрысын бақылау маңызды болып табылады. М ысалы, уландыру 
сандырағымен науқас дәрігермен әңгімелескенде өзін біреулердің уландырғысы 
келетіндігі жөніндегі ойларын жасырады, өйткені олар госпитализация себебі 
осы бұзылыс екендігін түсінеді, ал бөлімшеде өздерін ерекше ұстайды, тамақтан 
бас тартады, иіскейді, дәрілерді қабылдамайды, өзге науқастардан «тамақ 
уланбаған ба?» деп сұрайды. Сандырақ бар-жоғын анықтауда науқастардың 
әңгімелесу кезіндегі өзін ұстау ерекшеліктері аса күдік тудырады: тайғақ жау-


140
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
аптар, белгілі бір тақырыпта әңгімелесуден бас тарту. Науқас тыжырынады, 
күдікпен жан-жағына қарайлайды, құлақтарын жабады, бірдеңені иіскейді 
немесе мұрнын жабады және т.с.с. Бұл галлюцинаторлы-сандырақтық жүріс- 
тұрыстың объективті белгілері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет