Эмоция бұзылыстары
143
8.5-сурет. Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
домалайды, кенеттен қатты айқайлап күледі. Бұл «көщлдену»
қоршаған
адамдардың эмоциялық резонансын тудырмайды, себебі ол бос көңілділік:
көңіл-күйдің көтерілуі және оған сәйкес келетін ассоциативті белсенділік бол-
майды.
Көңіл-күй төмендеуі
депрессивті жағдайларға тән. Бұл жағдай —
науқастарда апат тәрізді субъективті күйзеліс. Бұл
жағдайдың негізгі белгісі
ауыр қайғы-мұңмен көрінеді, кейде бұл жағдай өз-өзіне қол жұмсауға дейін
жеткізеді. Мұң сезімі кейде аса айқындалады: науқастар жан ауруына, жан не-
месе жүректегі ауырлық сезіміне шағымданады.
Осындай
жүректік мүң (anxietas praecordialis)
деп аталатын
сезімнің пайда
болуы, оған ұқсас стенокардия ұстамасымен дифференциалды диагностикасын
жасауға негіз болады; оны ажырату әсіресе, егде тартқан адамдарда және қан
тамырлық жеткіліксіздігі бар адамдарда депрессия жағдайы дамығанда қиындық
тудырады. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе, қартайған
шақта кейбір сыртқы
тітіркендіргіштердің (инфекциялар, ауруды қарау және т.б.) әсерінен мұң күрт
күшеюі мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: