Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет135/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Психопатиялык күйлердің жеке формаларын аныктау үлкен киындыктар 
тудырмайды. Өйткені, олардың көріністері тұлғааралык карым-катынастар 
кезінде байкалады немесе оларды айналасындағы кісілер ылғи байкап жүреді. 
Оларға ең алдымен психопатияны ң истериялы к ж ән е козғы ш түрлерін 
жаткызуға болады. Психопатияның паранойялы формасын, соның ішінде 
паранойялы дамуды аныктау киы нға түседі. Олардың күдіктенулері мен 
үйірліктерінің негізсіздігін дәлелдеу жеңіл емес. Окиғалар бұрмаланған түрде 
сол адамның өзі аркылы дамиды. Бірак, олар шындык окиғаларға өте жакын 
болады, объективті акпарат болмаған жағдайда сенім тудырады. Бұл адамдар 
көптеген адамдардың аяушылығы мен колдауына кол жеткізеді. Уакыт өте 
келе, патологиялык трактовка жүйесі кеңейіп, күрделенеді, жаңа бейнелер- 
мен, окиғалармен толыктырылады. Бірак, психоздар кезіндегі сандырактык 
идеялардан айырмашылығы бұл патологиялык түзілістер накты жағдайлармен 
байланысты, шынайылыкпен айкын карама-кайшылығы жок. Параноялы 
жүйелер тұракты, көптеген жылдар бойы сакталады. Сонымен катар, олар 
уакыт өте олардың туындауына себеп болған жағдайдың өзгеруіне карай


Дифференциалды диагностикасы
247
коррекцияланады ж әне маңы здылығын жоғалтады. П сихопатияны ң бұл 
түрінің диагностикасы үшін тұлғаның типологиялык ерекшеліктері маңызды 
орын алады.
Психопатияның шизоидты ж әне психастениялык формаларының д и а­
гностикасы едәуір киындыктар туғызады. Психопатияның бұл түрімен ауы- 
ратын наукастар коршаған ортаға киыншылыктар тудырмайды. Шизоидты 
формасымен зардап шегетін наукастар айналасындағылармен араласуды 
керек етпесе, екінш і ф ормасы кездесетіннаукастар каты н аска түсуге 
ұмтылғандарымен, өздерінің шешім кабылдай алмау ж әне сенімсіздіктеріне 
байланысты одан алшактап жүреді. Бұл тұлғалык ерекшеліктер психикалык 
дені сау аамдарға да тән. Бұл жерде олардың айкындылык дәрежесін аныктау 
кажет.
Тұлға жағдайын психопатиялык деп бағалау критерийлеріне, ең алдымен, 
өмірге адекватты бейімделуге кедергі жасайтын тұлғалык бейнелерді жаткызу 
керек. Психопатияны ң жеке формаларын квалификациялау үшін наукас 
анамнезінің үлкен маңызы бар, себебі ол олардың психикалык ерекшеліктерін 
ашады. Психопатияны квалиф икациялау ж әне аныктау кезінде осы топ 
бұзылыстарына толык сай келетін белгілерге ж әне жеке формаларына тән 
критерийлерге сүйену керек.
Психопатиялардың дерттен айырмашылығы, ол тұлғаның бұрмаланған 
дисгармониялык нұскасы болып табылады, мұнда психопатиялык белгілер 
тұлға және оның кұр^ілымымен байланысты. Психопатия салыстырмалы түрде 
ерте білінеді. Тұлға түзілісі жүретін жасөспірім кезеңде психопатияны аныктауға 
болады. Оның негізгі ерекшеліктері адамның ерте балалык шағында аныкталады. 
Психопатияның бұл варианттары олардың ядролык түріне жатады. Кейде пси­
хопатия колайсыз жағдайларға ж әне күйзелістерге байланысты ересек жас 
кезеңінде де басталады. Патологиялык көріністердің бұл варианттары 
тулғаның
патологиялык дамуы
деп аталады.
П сихопатияны баска аурулар кезінде дамиты н психопатия тәрізді 
жағдайлардан айыру киындык тудырады. Көптеген эндогенді және экзогенді 
аурулар өздерінің даму сатыларында психопатияға ұксас симптомдармен көрініс 
береді. Бұл симптомдарды психопатия тәрізді симптомдар деп атайды. Дұрыс 
диагноз коюға осы психопатия тәрізді симптоматиканың негізгі ауру дамуының 
бір сатысы болып табылуы септігін тигізеді. Сонымен катар бұл симптоматика 
негізгі аурудың баска да белгілерімен катар жүреді. Егер сөз экзогенді-токсико- 
органикалык аурулар жайлы болса, белгілі бір кезеңінде ОЖЖ органикалык 
закымдануы, интеллектуалды-мнестикалык бұзылыс белгілері көрініс беруі 
мүмкін. Эндогенді аурулар кезінде, соның ішінде шизофренияда, психопатия 
тәрізді симптоматика ремиссия кезеңінде байкалуы мүмкін, оның алдында 
айкын психотикалык жағдай көрініс береді. Ш изофренияны ң психопатия 
тәрізді бастамасын психопатиядан айыру ерекше киы нды к тудырады. Бұл 
кезде шизофренияға тән жүріс-тұрыс адекватсыздығы, оғаш мінез-қүлык тәрізді 
бастапкы тұлғалык өзгерістерді, шизофрения дамуының бастапкы кезеңдеріне 
тән баска да симптомдарды аныктау көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет