338
XXV Тарау. Маниакальды-депрессивті психоз
антидепрессивті дәрмектердің емдік әсерінің механизмін зерттеудің аркасында
жеңілдей түсті. Маниакальды күйде тиімді әсер беретін неролептиктер дофамин
рецепторларын тежейді. Бұл деректер әйгілі ғалым В.П. Протопоповтың және
оның мыңдаған шәкіртгері зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес келеді.
Олар МДП
патогенезінде симпатикалы к жүйке жүйесінің ж әне көмірсу алмасуының
бұзылыстары маңызды екендігін айтып кеткен еді. Қазіргі кезде МДП даму-
ында сыртқы колайсыз факторлардың рөлі (психогендік сипатта)
жөнінде
сенімді мәліметтер жок.
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
М Д П -ны клиникалы к көрінісінде аффективті бұзылыстар басты рөль
аткаратын бірнеше сыркат түрлерінен дифференциалау керек.
Ол аурулардың
ішінен, бірінші кезекте, инволюциялық меланхолияны және шизофренияның
кезеңдік түрін атап өту керек. Бұл сырқаттарды МДП-дан айыру критерийлері
сәйкес тарауларда көрсетілген. Бұдан бұрын айтылғандарға келесілерді косуға
болады: М Д П -ны ң депрессивті күйінде көщ л-күйдщ тәуліктік тербелісі
байқалады: таңғы мезгілде нашарлай түседі, ал кешкі мезгілде жақсарады.
Қайғы-мұң айқын, үрей типті көрінісі болып табылмайды. Ш изофренияның
кезеңдік түрінен айырғанда, МДП кезіндегі ұстамалар
аффекгивті патологиямен
сипатталады. МДП ұстамаларына күрделі кұрылымды аффекгивті синдромдардың
баска синдромдармен косарлануы тән емес. Мысалы, сандырактык, (өзін-өзі
кінәлау, кемсіту және нигилистік сандырактардан баскасы) галлюцинаторлы
синдромдармен т.б. ОЖЖ-нің органикалык зақымдалуы кезінде бақыланатын
аффективті бұзылыстар МДП кезіндегідей айқын
эмоциялык бұзылыстармен
көрінбейді. ОЖЖ органикалык ауруларында аффективті синдромдар (депрес-
сивті, сондай-ак, маниакалды) күңгірттеу, баска психикалык бұзылыстардың
наукастың эмоциялык күйімен айкын байланыстылығы болмайды. Депрессия
жиі енжарлық, апатиямен көрінеді. Маниакальды күйлер өнімсіз, психомотор-
лы белсенділіктің сәйкес көтерілуімен бірге жүрмейді.
М ДП -ны жоғарыда
аталып кеткен сыркаттардан айыру үшін бұл дерттің динамикасындағы ерек-
шеліктерді ескеру керек: ұстамалардың кайталануы және ашык аралыктың —
интермиссияның болуы, тұлғаның психоорганикалык немесе шизофрениялық
тип бойынша өзгерістерінің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: