420
XXX Тарау. Ѳзіндік білім деңгейін бақылау
167. Төменде аталған нарком анияларды ң БІР Е У ІН Е Н БА СҚА СЫ Н Ы Ң
барлығына толеранттылықтың өсуі тән:
а) кокаиндік;
б) апиындық;
в)
гашиштік
;
г) барбитураттық;
д) метадондық.
168. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық
куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен
құрғақтығы бақыланды.
Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ.
Жүрісі тербелмелі,
Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын сынамасын
қиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді.
Н аркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен
көктамыр ішілік инъекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ.
Раппопорт пробасы теріс.
Төменде аталған психоактивті заттардың ішінен қайсысын қолданған?
а) кокаинді;
б)
героинді
;
в) гашишті;
г) барбитураттарды;
д) эфедронды.
169. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық
куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен
құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ.
Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасын
қиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді.
Есірткі қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамыр
ішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт
пробасы теріс.
Төменде аталған мастану түрлерінен қайсысы болуы мүмкін?
а)
апиындық мастану
;
б) алкогольді мастану;
в) кокаиндік мастану;
г) токсикоманиялық мастану;
д) эфедриндік мастану.
170. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері
пациентте
әлсіздік, тремор, қалтырау, қараш ықтарыныщ кеңеюі,
жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтелді бақылады.
Пациент
мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауға тырысады,
өйткені бүкіл денесінің, әсіресе, бел және аяқ қолдарының буындарындағы
айқын сырқырап ауыруына шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны
аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамыр
ішілік инъекциялардан кейінгі майда қан құйылулар анықталды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
а) жедел респираторлы вирусты инфекция;