450
1-Қосымша
7. Әр түрлі психиатриялык сараптамалар мен адамды психиатриялык
куәландыру Қазакстан Республикасының денсаулык сактау саласындағы
заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялык
куәландыру туралы шешімді психиатр-дәрігер адамның заңды өкілін
хабардар ете отырып, кабылдайды.
9. Осы бапгың 6-тармағында көзделген жағдайларды коспағанда, адамды
өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялык
куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың
5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер
камтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер кабылдайды.
10. Психиатриялык куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялык
куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналык
мамандықгағы дәрігер ж әне өзге де азаматтар беруі мүмкін. Көрінеу
жалған өтініш беру кылмыстык жауаптылыкка әкеп соғады.
11. Алынған мәліметтер бойынша куәландырылуға жататын адам өзіне не
месе айналасындағыларға тікелей кауіп төндіретін жағдайларда, накты
адам психиатриялык куәландыруға келісімі туралы ауызша немесе жаз-
баша өтініш беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялык куәландыру
туралы дереу шешім кабылдайды ж әне ол медициналык кұжаттамаға
жазбамен ресімделеді де кейіннен куәландырылатын адамның заңды
өкіліне хабарланады.
12. Куәландырылатын адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей кауіп
төндірмейтін жағдайда психиатриялык куәландыру туралы өтініш жаз-
баша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың кажеттігін негіздейтін
толык мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр-
дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиіс.
Психиатр-дәрігер шешім кабылдау үшін кажетті косымша мәліметтер
сұратуға кұкылы. Психиатр-дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағы-
ның 2 және 3 тармакшаларында көзделген мән-жайлардың жок екенін
анықгап, психиатриялык куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен
бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: