Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет79/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

149
Қозғалыстық бұзылыстар
Қозғалыс бұзылыстары психотикалы қ жағдайларда ж иі кездеседі. 
Қозғалыстың және толықтай жүріс-тұрыстың бұзылысы қоршаған ортадағы 
адамдардың назарын өзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі 
ретінде дұрыс қабылданады. Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде: гипо, 
гипер ж әне дискинетикалық, яғни, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, 
күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді.
Қимылдық мелшиіп қалу
Қимылдық қозғалысты н күрт азаюымен немесе толы қ қозғалыстын 
тоқтауымен мелшиіп қалу 
ступордың
клиникалы қ суреттемесін береді. 
Органикалық гипо ж әне акинезиядан ступордың айырмашылығы — моторлы 
зонаның тежелуінен туындаған қайтымды жағдай. Ступор терең жалпы қатып 
қалу түрінде 
толық
және қозғалыс сферасын толық қамтымайтын, тұрақсыз, 
толық емес
болып бөлінеді. Толы қ ступор кезінде науқас бір қалыпта 
қозғалыссыз, кейде ыңғайсыз позада жатады. Қоршаған ортаға ешқандай ре- 
акциясы жоқ, өзін күтпейді, ұқыпсыз болады, табиғи қажеттіліктерін төсекке 
жібереді. Науқастың өзінің тамақтануы мүмкін емес. Тамақты аузына салғанда, 
шайнамайды ж әне жұта алмайды, тек зондпен тамақтандыру ж әне күтім 
көрсетіледі. Терең ступор жағдайында науқаспен сөздік қатынас мүмкін емес; 
науқастар сөйлеспейді және жауап қатпайды. Ступормен ауыратын науқастардағы 
сөйлемеу 
мутизм
деп аталады. Бұл кезде айналадағы адамдардың сөздерін және 
болып жатқан жайттарды түсінеді. Ступор жағдайынан ш ыққан науқастар 
кейде қатып қалу жағдайында неге куә болғанын анық айтып бере алады.
Егер қимылдық мелшию бірден дамымай, біртіндеп дамитын болса, онда 
әр түрлі 
субступорлыц жағдайды
байқауға болады. Науқас бұл кезде біртіндеп 
тежеле түседі, жай дауыспен сөйлейді немесе қысқа уақытқа жүріп келе жатып 
аяғын көтеріп тұрып қалады, тамақ ішіп жатқанда кейде қасықты аузына тақап 
тұрып қалады. Науқасты дауыстап, сыртқы тітіркендіргіш әсерімен кейде 
қозғалыстық мелшию жағдайынан шығарып алуға болады, бірақ біраз уақыттан 
кейін ол қайта қайталанады. Толық емес ступор жағдайында науқастар кейбір 
инструкцияларды орындауы мүмкін, берілген тамақты өзі ішіп, дәретханаға 
бара алады. Толық емес ступор кейде мутизм дамуымен шектеледі. Науқастар 
сөйлемейді, бірақ бұрынғы белсенділігі сақталады, ымдау немесе хат арқылы 
түсіндіруге тырысады. Толы қ емес ступордың клиникалы қ көрінісінде 
патологияның нозологиялық формасына сәйкес басқа симптомдар да болуы 
мүмкін. Өзінің табиғатына байланысты ступор кататониялық, депрессиялық, 
психогенді, истериялық болуы мүмкін.
Кататониялық ступор
суреттемесі кататониялы қ синдромға арналған 
бөлімінде көрсетіледі. 
Депрессиялық ступор
депрессивті науқасқа тән сөздік- 
қозғалыстық тежелудің соңғы дәрежесі болып табылады. М елшиіп қалу 
айқындығы депрессиялық аффектінің ауырлығына тікелей сәйкес. Бұл жағдайда 
науқаспен сөйлесу мүмкін емес, бірақ оның ауыр күйзелістері жөнінде жалы- 
нышты, мұвд;ы көзқарасынан немесе бет кескінінен, терең күрсінуінен, бір


150
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
8.6-сурет. Тежелген депрессия жағ- 
дайындағы науқас кейпі
нәрсе айтуға әлсіз талпынысынан білуге 
болады. Айқын қозғалыстық тежелу су- 
цидальды ойларды іске асыруға мүмкіндік 
бермейді.
Қ ай ғы -м ұң күші бұры нғы сы нш а 
сақталып, қимылдық тежелу қайтып, сим- 
птомдар кері дамығанда науқастың өз- 
өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қаупі 
жоғарылайды.
Депрессия кезінде толық ступор сирек 
кездеседі. Әдетте, дәрігер әлсіз тежелу 
жағдайындағы науқастарды бақылауы ке- 
рек. П си хи атри ялы қ ауруханаларда 
мұндай ауруларды бет-әлпеттеріне қарап 
бірден айыруға болады. Олар көбіне жа­
тады немесе шуы және қозғалысы аз жер- 
де оқшауланып отырады. Бүгілген фигура, 
зарыққан кескін, қайғылы бет әлпеті ауыр 
күйзелісті дәлелдейді: дауысы жай, көз 
жанары солғын, мимикасы қатып қалған, 
бет терісі бозғылт немесе сұрғылт-топырақ 
түсті, көздерінің астында күңгірт шеңбер, ерін бұрыштары салбырап төмен 
түскен, қыртыс және әжімдері терең. Науқастар қарт тәрізді және қушиған 
кейіпте болады (8.6-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет