Енбек психогигиенасы
49
күрес ұранымен өтті. Соңғы жылдары психогигиена мәселелерін шешу үшін
бүкіл әлемде көптеген конгрестер, съездер, симпозиумдар өткізіледі.
Психогигиеналық қызметтің халықаралық бағдарламасы жасалды. Қазіргі
кезде психогигиенаның алдында мынадай міндеттері бар: нәсілшілдік пен
панасыздықты, дамушы елдердегі кедейліктің тамырын жою.
Біздің елімізде психогигиена дамуына қолайлы жағдай ¥ л ы Октябрь
Социалистік Революциясы жеңісімен байланысты болды. Мемлекеттік құрылым,
әлеуметтік-өңдірістік қатынас, адам қабілеті дамуының шектелмеуі үшін
еңбекшілердің материалды сәттілігі мәдениетті жоғарылатуға негіз салды.
1920—1930 жылдары психодиспансерлер ашылып, кең көлемде көмек
көрсетілді. Өндіріс орындарында психогигиеналық кабинеттер пайда болды.
Ж алпы м әдениеттің өсуі, санитарлы қ-ағарту ж ұм ы стары ны ң дамуы,
тұрғындардың медициналық білімді игеруі және психикалық аурулар жөніндегі
тұрғындардың хабардарлығы психоневрологиялық диспансерлерге тек ауыр
жағдайларда ғана емес, сонымен бірге, ш екаралық жүйкелік-психикалық
бұзылыстармен көм екке келу жағдайларын жоғарылатты. Ш екаралы қ
психикалық патологияны кең зерттеу, балалар психотерапиясының дамуы,
еңбек, сот психиатриясының, әскери сараптар ж әне науқастарды оңалту,
әлеуметтік факторлар мен психоздардың биологиялы қ негізін зерттеу
психикалық бұзылыстардың алдын алуға ықпал етті.
Психогигиена мен психопрофилактиканың дамуы үшін ғылыми платформа
психиатрия, психоневрология, психопрофилактика ж әне гигиена ғылыми-
зерттеу институттарында, сонымен бірге, жоғарғы оқу орындарында психиатрия
кафедраларының және психология мәселелерін және еңбек этикасын зерттейтін
арнайы зертханалардың ғылыми жұмыстарымен қаланады. Бұл зерттеулер
тұрғындарды емдеудің мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі және психикалық
ауруларды қайтаруға бастама болып табылады. Олар диалектикалық материа
лизм теориясымен негізделген ортақ әдіснамалық позициямен орындалады.
Біздің елімізде қол жеткізілген психогигиеналық білім дәрежесі жүйке-
психикалық аурулармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Еліміздің психо-
гигиенасының ғылыми негізі — И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.Е. Введенский,
А.А. Ухтомский, П.К. Анохиннің физиологиялық ілімі, теориялық негізі —
диалектикалық және тарихи материализм жағдайлары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: