1-Қосымша
447
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психика-
сының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның
заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны
тоқтатуға құқығы бар.
9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың
ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал
зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып,
психикасының бұзы-
луынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің
ж әне психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға
жазбамен ресімделеді.
120-бап. Психикасының бузылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың
цуцыцтары.
1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан
Республикасының
Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық
құқықтары мен бостандықтарына ие болады.
Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі
өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:
1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет
болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;
2) емдеудің кез-келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді
пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу үрдісінен,
суретке
түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;
3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда
жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды
(оның келісімімен) тартуға;
4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін
мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған
арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша,
почта аударым-
дарын алуға ж әне жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді
қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;
6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға
құқылы.
3. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі
мемлекеттік пси-
хиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтардан
басқа:
1) қосымша тамақ сатып алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс меди-
циналық қызметтер алуға;
3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;
448
1-Қосымша
4) кала аралык телефон байланысын пайдалануға;
5) колма-кол акшаны бакылау шотын пайдалануға кұқығы бар.
Аталған кұкыктарды іске асыру осы кұкыктар берілетін адамның каражаты
есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: