Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Науқастардын психикалық жағдайын зерттеу



Pdf көрінісі
бет292/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Науқастардын психикалық жағдайын зерттеу
Клиникалык зерттеу здістері.
Психиатрияның айналысатын мәселесі — ол 
ағза мен мидағы дертті патологиялык үрдістермен көрінетін психикалык 
ауытқулар (бұзылыстар) болып табылады. Өкініш ке орай, психиатрияда 
психикалык бұзылыстардың лабораторлы ж әне инструментальды зерттеу 
әдістері жок. Осы уакытка дейін психикалык ауыткуларды аныктаудың негізгі 
әдісі оларды сипаттау болып табылады. Бұл әдіс клиникалык деген атауға ие 
болды.
Психикалык бұзылыстарды клиникалык зерттеудің екі әдісі бар:
1) 
сұрастыру эдісі;
2) 
бақылау эдісі.
Бұл әдістер психикалык бұзылыстар көріністерінің ерекшелікгерімен тікелей 
байланысты. Осылайша барлык психикалык бұзылыстар негізгі үш топка 
бөлінеді.
Бірінші топ науқастардың субъекгивті сезімдерімен анықталатын психикалык 
бұзылыстардың аздаған көлемі. Осылайша дереализация — шынайы емес күйді 
сезіну, деперсонализация — бөтендену күйзелісі, психосенсорлы бұзылыстар, 
жабыскак естеліктер және т.с.с. көрініс береді.
Екінші топ наукастың субъективті сезімдерімен, сонымен катар, объективті 
де анықталатын (науқас сөзінен, тәртібінен және т.б.) психикалык бұзылыстарды 
біріктіреді. Оларға есту галлюцинациялары («дауыстар») жатады, олар объекгивті 
де көрініс беруі мүмкін, олармен наукас сөз алмастырып, бұйрыктарын орын- 
дауы мүмкін; мысалы, тамак кабылдаудан бас тартуы мүмкін. Бұл бұзылыстар 
жөнінде наукастан сұрау және жүріс-тұрысын бакылау аркылы біле аламыз.
Үшінші топ, ең алдымен, объективті көрініс беретін психикалык бұзы- 
лыстардан тұрады. Мұнда мінез-кұлык бұзылыстары, ес, интеллектінің айқын 
өзгерістері, сана күңгірттенуі және т.б. жатады. Бұл бұзылыстар наукас тәртібін, 
күйін бакылау аркылы диагностикаланады.
Сурастыру здісі.
Субъекгивті күйзеліс тудыратын психикалык бұзылыстарды 
аныктауға бағытталған.
Студенттің келесі тәсілдерді игеруін талап етеді.
1. Наукаспен контактіге түсе білу.
2. Наукасты сұрастыра білу.
3. Наукасты тыңдай білу.
Науқаспен контактіге тусе білу.
Сұрастыруға көшуге мүмкіндік беретін тәсіл 
наукаспен әңгімені бастай алу дағдысынан тұрады. Бұл дағды — клиникалык 
зертеудің негізгі элементі. Науқастың сізге ағынан ақгарылуы осы дағдыны 
игеруіңізге байланысты. Науқастар дәрігермен әңгімелесуге әрқилы көзқараспен 
қарайды, ал студенттермен әңгімелесуге мүлдем басқаша қарайды. Науқастардың


3-Қосымша
467
кейбірлері ғана сізбен сөйлесуге қызығушылық танытуы мүмкін. Басым бөлігі 
сізбен формальды қатынасқа түседі, кейбіреулері мүлдем бас тартуы мүмкін.
Сіз амандасып, науқасқа өзіңізді таныстырғаннан кейін әңгімені әрқалай 
бастауға болады. Науқастың өзін қалай сезінетіндігін, не мазалайтындығын, 
ауруханаға не себеппен түскендігінен бастап сұрауыңызға болады. Кейде 
науқаспен толық танысумен (қайда оқыды, қайда қызмет етті және т.б.) бастауға 
да болады.
Егер сіз науқастың әңгімелесуге ынтасын байқасаңыз, онда сұрастыруға 
көшіңіз.
Науқасты сүрастыра білу.
Сұрастыру мақсатты сипатта болады, ол психикалық 
бұзылыстарды анықтауды міндет етеді.
Келесі білім деңгейіне сүйенеді.
Ең алдымен, психикалық аурулардың симптомдары мен синдромдары бой­
ынша білім талап етіледі. Науқасты сұрастырмас бұрын сіз қандай психикалық 
бұзылыстарды анықтағыңыз келетінін нақты білуіңіз керек. Егер сіз түйсік 
бұзылыстары симптомдарын анықтағыңыз келсе, онда оларға анестезия, ги- 
постезия, гиперестезия, парестезиялар ж әне сенестопатиялар жататынын 
есіңізде сақтауыңыз керек.
Сонымен қатар, сіз тек өзіңіз тексеретін бұзылыс түрін біліп қана қоймай, 
басқа да бұзылыстарды анықтай білущіз керек. Қандай да бір симптомды 
анықтау үшін ол жөнінде науқастан қалай сұрауды білу керек. Мысалы, науқаста 
дене схемасы бұзылысын анықтағыңыз келсе, былай сұрауыңыз тиіс: «Сізде 
кейде денеңіз бірде ұлғайған немесе кішірейген, ауырлаған, не жеңілдеген 
сезімдер болмайды ма?»
Сұрастыру психикалық күйді зерттеу жоспары жөніндегі білімге сүйенеді. 
Сұрастыруды сіз өз кезегімен, белгілі бір схема бойынша жүргізуіңіз тиіс (келесі 
бөлімде көрсетіледі). Бұл схема науқастың психикалық күйін зерттеу толықтығын 
қамтамасыз етеді.
Сұрастыру белгілі бір ережелерді ұстануды қажет етеді.
Егер студент не сұрау керектігін білмей, шатасып, дәптерінен психикалық 
күйді зерттеу схемасын қарап отырса, науқастарда теріс пікір қалыптасады. 
Сондықтан зерттеу жоспары алдын-ала дұрыс игерілуі керек.
Сұрақтарды мәдени тілде, нақты қою керек. Жауап нақтылығы дұрыс 
қойылған сұраққа байланысты. Бұл жағдайда науқас білімін, мәдениетін, тіл 
білуін ескеру керек. Науқастың сұрақты дұрыс түсінгендігін нақтылап отырудың 
пайдасы бар. Егер жауап нақты болмаса, басқаша құрылымда сұраңыз.
Әңгімелесуді белсенді өткізуге тырысыщыз. Сұрастыру — бұл белсенді 
мақсатты үрдіс. Сіз келесі қиындықтармен кездесуіңіз мүмкін: біріншіден, 
кейбір науқастардың аса алаңдағыштығымен; екіншіден, аса детализациямен, 
қажет емес нақтылықтарға тоқталулармен; үшіншіден, науқастардың бірқатары 
тек өздерінің ойынша маңызды болып табылатын жауаптар береді; төртіншіден, 
науқастардың есте сақтау қабілеті нашар болуы мүмкін, сіз қойған сұрақтарды 
ұмытып қалуы мүмкін.
Егер науқас қажетсіз детальдарда тұрып қалса, сіз мәдениетті түрде оны 
әңгіме тақырыбына қайтарып, тек қажет сұрққа жауап беруін өтініңіз.


468
3-Қосымша
Наукас алдында жауаптарын кағазға тіркемеуге тырысыңыз.
Біріншіден, бұл әңгімелесудің шынайылығын бұзады; екіншіден, науқас 
мимикасын, сөзін, жүріс-тұрысын бакылауға кедергі болады; үшіншіден, кейбір 
наукастар жазбаны сандырактык мотивте түсінеді, мысалы, тергеу хаттамасы 
ретінде; төртіншіден, бұл сіздің есте сактау кабілетіңізді жаттыктырады. Қажет 
жағдайда бір студент сұрастырып, екіншісі жазып отырғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет