кұдіретті акыл-ойының көрінісі.
194
Г"
Техника мэселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардьщ
бірін алады жэне оның көптеген шығармаларында үнемі кездесіп
отырады. Бірак бұл такырыпка арналған оның ең маңызды шығармасы
“Техника туралы мәселелер” деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер
техниканы пайымдауды жаңа іргетаска койды. М.Хайдеггер былай деп
жазады:
“техниканың мэні белгілі мағынада техникалык
емес.
Сондыктан да біз ол туралы жэй ғана ойлағанда, оны колданғанда, оны
баскарғанда немесе одан кашкактағанда техниканың мэніне деген өз
қатынасымызды ешқашанда сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда,
оны кызығушылыкпен колдасак та, теріске шығарсак та біз техникаға
күлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе
деп есептеген кезде, оның нағыз түткынына айналамыз. Қазіргі кезде кең
өріс алған мұндай көзкарас оның мэніне деген мүлде көрсокырлыкты
туындатады” (Вопрос о технике // Новая технократическая волна на
Западе. М., 1986, 119 б.).
Хайдеггерге дейін техника Акыл-ой мен Қайырымдылыктың
салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді.
Кейбір жағдайларда
техниканың өзіне карсы шығу емес, оны колдануға карсы шығу өзекті
сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер “түсті” нәсілдер европалыктардан
техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады
жэне
түбінде техниканы жояды деп
корыкты.
Хайдеггер керісінше,
техниканың өзін адам үшін үлкен кауіп-катер деп есептеді. Техниканы
түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бір жаңалығы, оған дейін техника
адамзат тарихы мен мәдениет дамуының байланысындағы көптеген
Достарыңызбен бөлісу: |