Оқулық құрал «Алгоритмдер»


Бір саусаққа «Қайталанатын» байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі



бет19/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

33.Бір саусаққа «Қайталанатын» байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсеткіші: қүйіктер, үсіктер, жарақаттар.
Құжаттар:
Бинт, ені 5 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Білезік буында 2 бекітетін тур жасау.
Білезік буыннан қолдың сыртынан жарақаттанған саусаққа дейін байламды жүргізу.
Саусақтың бас жағын айналып, бинтті алақан жағынан саусақтың негізіне дейін жүргізу, сосын қайтадан қайталау.
Сасақтың негізінен саусақтың басына дейін жылжымалы әдіспен бинттеу, әрі қарай саусақтың басынан-негізіне дейін спираль тәрізді жолмен жылжыту.
Білезік буында ьекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.


34.Бірінші саусаққа «Масақ» тәрізді байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсеткіші: қүйіктер, үсіктер, жарақаттар.
Құжаттар:
Бинт, ені 5 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Білезік буында 2 бекітетін тур жасау.
Қолдың сыртқы жағынан және үлкен ьсаусақтан тырнақтың басына дейін бинтті жүргізу.
Саусақтың ішінен және сыртқы жағынан бинтті айналдырып, әрі қарай білезік буынға дейін бинтті жүргізу сегіз тәрізді турмен.
Білезік буында бекітетін тур жасау.
Саусақтың сыртына айнала отырып білезік буында бекіту.
Әр тур S бөлігін байламның жауып отыру керек, түгел саусақты байлап біткенше.
Білезік буында ьекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.


35.Ішке байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсеткіші: іш пердесінің жарақаты.
Құжаттар:
Бинт, ені 20 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациенттің бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын-оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Іштің, арқаның жарақат жерінен төмен бекітетін тур жасау (пациенттің аяғын тізе буында бүгу, бинттеген кезде жамбасын көтеру).
Жараны спираль тәрізді турлармен беіту.
Бинттеген кезде төмеңгі жақтан бастайды кеудеге дейін 2/3 бөлікті жауып отырып.
Бинттің шетін байламға бекіту.


Есте қалдыру. Байлам сырғып кетпеу үшін, теріге бірнеше жерден клеол жабыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет