Оқулық құрал «Алгоритмдер»



бет38/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

Теріішілік байқау
1. ілектің алақан жағы терісін спиртпен өңдейді.
2. Инсулин шприцімен 0,02 мл пенициллин (100-1000ЕД) ерітіндісін тері ішіне егеді.
3. Диаметрі 15-20 мм қызарған (эритемалық) бөртпе пайда болса, реакция оң деп есептеледі,бұл антибиотик емдеуге жарамайды.
2
82.Дәкелі таңғыштарды салу ережелері

1.Зақымданушыны жағдайына қарай таңып байлау үшін ыңғайлы орналастырады.


2.Қол-аяққа орташа физиологиялық бап жасайды.
а) аяқ ұшы 900 бұрышпен сираққа бүгіледі.
б) тізе буынында сирақ 1600 бүгіледі.
в) ұршық буынында сан сүйегі алшақтатылады.
г) қол ұшы сәл бүгілген.
д) шынтақ буыны 900 бұрышпен бүгіледі.
е) иық тұлғадан алшақтатылады (қолтыққа буылтық қойылады).
3. Таңғыш салғанда зақымданушының бет алдында болу
керек.
4. Таңғыш салынатын дененің бөлігі таңғыш салушының
кеудесінің деңгейінде болуы керек.
5. Таңғыш салу үшін дәкелі таңғыштың ені таңғыш салатын
жердің анатомиялық аумағына сәйкес келуі керек:
түлғаға -10 - 12 см;
басқа – 6 - 8 см;
қолдың ұшы мен саусақтарға – 4 - 6 см.
6. Дәкелі таңғышты байлағанда қолды таңғыш салатын
беткейден айырмай, таңғышты ұзартып созбайды.
7. Таңғышты оң қолмен ұстап, бос ұшын сол қолмен
ұстайды.
8. Солдан оңға, шеттен орталыққа қарай байлайды.
9. Байлаудың алдында және соңында таңғышты 2-3
айналдырып бекітеді.
10. Байлағанда бірқалыпты тартып, қыртыс қалдырмайды.
11. Әр айналымның 1/2 немесе 2/3 енін келесі
айналыммен жабу керек.
12. Егер таңғыш бітіп қалса,онда таңғыштың ұшың алдыңғы
таңғыштың астына салып және оны айналдырып
бекітіп,таңуды әрі қарай жалғастырады.
13.Таңудың соңында оның ұштарын жарадан жоғары немесе
төмен байлайды.
14. Салынған таңғыш лимфа мен қанайналымын бұзбауы
керек.
15.Таңғышты әдемілеп салады.
16. Байланған таңғыш келесі таңуға дейін орнында жақсы
бекітілуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет