Іс-әрекетінің алгоритмі:
1.Зардап шеккен адамға анальгин 1 таблетка беру.
2.Соғылған жерге мұзды мұйық қою.
3.Жарақат бөліміне жартылай отырғызып тасымалдау.
98.Кеуде қуысының қысылуындағы іс – әрекет алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
1.Зардап шеккен адамды қысылудан босату.
2.Бұлшық етке 2% 1 мл промедол, 0,2% 1 мл платифилин, 0,1% 1 мл атропин тері астына.
3.Дем шығарған кезде жұмсақ байлам кеуде қуысына.
4.Оттегін беру.
5.Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау.
6.Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
99.Қабырға сынықтарындағы іс – әрекет алгоритмі
Қабырға сынықтары болуы мүмкін – жеке, көпше түрінде ішкі ағзалардың жарақатымен немесе ішкі ағзалардың жарақатысыз.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру 50% 2 мл анальгин немесе 2% новокаин 10 мл жарақаттанған қабырғаның төменгі бөлігімен.
Жұмсақ тіндердің жарақатында, жара аймағын антисептикпен өңдеп, залалсыздандырылған салфетка салу.
Жарақаттанған жағына жабысқақ черепица тәрізді байлам салу төстен омыртқаға дейін.
Сынық аймағына мұзды мұйық қою.
Оттеегін беру.
Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау.
Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын демін қадағалау.
Ашық сынықтарда сіреспенің алдын алу шараларын өткізу.
100.Бұғана сынығындағы іс-әрекет алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
50% 2 мл анальгин крітіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу.
Дезо немесе Дельбе байламын өткізу.
Сынған жерге мұзды мұйық қою.
Жартылай отырғызып жарақат бөліміне жеткізу.
101.Гемоторакс кезінде іс – әрекет алгоритмі
Гемоторакс – өкпе тамырлары немесе кеуде қуысы жарақатыныңнәтижесінде қансырау болып плевра қуысында қанның жиналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |