100
101
Дыбыс
Кел, ойланайық
1. Не байқадың? Нелердің дыбысын естуге болады?
СЕН
• табиғи дыбыс көздерімен танысасың.
• табиғи дыбыс көзі
Қоршаған ортада қандай дыбыс көздері бар?
Білгенің жөн
Біз күнделікті өмірде түрлі
дыбысты ести-
міз және тыңдаймыз. Дыбыс денелердің тербе-
лісінен пайда болады. Дыбыс шығаратын дене
дыбыс көзі
деп аталады.
Дыбыс табиғи және
жасанды болып бөлінеді.
Табиғи дыбыс көздері
–
адамның дауысы,
жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, найза-
ғайдың күркіреуі, шегірткенің шырылы, құстардың
сайрағаны
т.б.
Табиғи дыбыс көздері
31
100
101
Зерттейік
2. Қай баланың дауысы қатты естіледі? Неліктен?
Қызықты мәлімет
Масаның
ызыңы оның қанаттары-
ның қозғалысынан шығады. Маса қа-
натын секундына 500
–
800 рет қағады.
Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі –
«Әнші құм». Ел арасында «Айғайқұм» деп те
аталады. Ол Іле өзенінің аңғарында орналасқан.
Жел тұрса, сырнай үні тәрізді дыбыс шығады.
Ал
жел қатты соқса, одан да зор дыбыстар
естіледі.
3. Ертегі немесе мультфильм
кейіпкерлерін есіңе
түсір. Қай кейіпкер қатты күледі? Ақырын күле-
тін кейіпкерді атай аласың ба?