Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет167/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Поливинил спирті (ПВС)
ақ немесе әлсіз сарғыш түсті ұнтақ. 
Молекулалық салмағы (М.с.) 10 000-нан 40 000 және одан да жоғары болуы 
мүмкін. Суда қыздыру арқылы ериді. 
Поливинилпирролидон (ПВП)
төмен-, орта- және жоғары молекулалы 
болуы мүмкін. Төмен мөлекулалы ПВП (М.с. 2 600-2 700) суда және 95% 
спиртте жеңіл ериді. Орта молекулалы ПВП (М.с. 30 000-40 000) суда ериді, 
спиртте баяу ериді. 
ЖМҚ ерітінділері өте сезімтал: 
а) ЖМҚ ерітінділеріне аз мөлшерде электролит ерітінділерін қосқан 
кезде, ерітінді лайланады, тұтқырлығы өзгереді. 
б) Көп мөлшерде электролит ерітінділерін қосса, осы қосылыстардың 
тұнбаға түсуі, тұздануы байқалады. Сондықтан оларды судың бір бөлігінде 
ерітіп, фильтрлеп тек, содан соң ЖМҚ ерітінділерімен араластырады. 
в) Этанол, шырын қосқан кезде де ЖМҚ тұнбаға түсуі мүмкін, 
сондықтан шырындарды, спиртті ерітінділерді тек шектеулі мөлшерде ЖМҚ 
ерітінділеріне шайқай отырып, бөлшектеп қосады. 
ЖМҚ ерітінділерінің технологиясын жетілдіру. 
ЖМҚ ерітінділерінің 
технологиясын жетілдіру жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі: 
-
ЖМҚ 
ерітінділерінің 
химиялық, 
физикалық, 
микробиологиялық 
тұрақтылығын арттыру; 
-
ЖМҚ ерітінділерінің орамдалуын жетілдіру; 
-
ЖМҚ сулы ерітінділерінің сапасын бағалаудың белгілі әдістерін жетілдіру 
және объективті әдістерін ойлап табу. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
ЖМҚ жалпы сипаттамасы және жіктелуі. 


233 
2.
ЖМҚ қосылыстардың өзіне тән сипаттамасы мен ерекшелігі қандай? 
3.
Фармацевтикалық тәжірибеде ЖМҚ қандай ерітінділері қолданылады? 
4.
ЖМҚ ерігіштігі олардың молекулалық құрылыстарына байланысты ма? 
5.
ЖМҚ ісінуіне қандай факторлар әсер етеді? 
6.
Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділерінің жеке технологиялары? 
7.
Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділерінің жеке технологиялары? 
8.
ЖМҚ ерітінділеріне электролиттер мен спиртті қалай енгізеді? 
9.
ЖМҚ ерітінділерінің технологиясын жетілдірудің қандай бағыттарын 
білесіздер? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет