Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет173/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Артықшылықтары: 
суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік 
заттарды босатуға болады, әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар 
ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен 
салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен 
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік заттардың 
сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді. 
Кемшіліктері: 
технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл 
дозаланбайды. 
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды 
босату мүмкіндігі жоқ. 
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда 
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді. 
Суспензияның түзілу жағдайлары:
-
дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде (күкірт, 
камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б. - суспензия физикалық әдіспен 
түзілуі);


239 
-
егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор 
қышқылының мөлшері 5%, натрий гидрокарбонатының мөлшері 8% артық 
концентрацияда жазылса (суспензиялар физика-химиялық әдіспен түзілуі); 
-
еріткішті алмастырғанда суспензияның түзілуі. Мысалы, егер сулы ерітіндіге 
спиртті ерітінді (галенді және жаңа галенді препараттар) қосылса, дәрілік 
заттың ерігіштік қабілеті төмендеп, ол тұнбаға түседі (физика-химиялық әдіс). 
Сондықтан микстураларды суспензиялардың жеке бір тобы деп санауға 
болады;
-
жеке еритін дәрілік заттарды бір дисперстік ортада еріткен кезде, олар 
әрекеттесіп ерімейтін қоспа түзеді (химиялық әдіс). 
Суспензиялардың
 
осмостық қысымы жоқ. Бөлшектер мөлшерінің 
үлкендігінен жартылай өткізгіш мембранадан диффузия құбылысы 
жүрмейді. Сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процесі жүргізілмейді. 
Кинетикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән, 
ауырлық күші әсерінен бөлшектер тұнбаға түседі. Егер бөлшектер бір-
біріне жабыспай еркін тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп 
атайды, ал егер бөлшектер молекулалық ілінісу күші әсерінен жабысып 
үлпектер түзіп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды. 
Түзілген тұнбалар әртүрлі - тығыз, ірімшік тәрізді, кристалл тәрізді, 
талшық тәрізді құрылымда болуы мүмкін. Агрегатты тұрақты 
суспензияны шайқау арқылы қалпына келтіруге болады. Агрегаттық 
тұрақсыз суспензияларды, жүйені шайқау арқылы қалпына келтіруге 
болмайды, процесс қайтымсыз. Агрегаттық тұрақты суспензия алуға 
тырысу керек.
Седиментация жылдамдығын Стокс теңдеуімен табуға болады: 




9
)
(
2
2
1
2
g
r





мұндағы: 

- бөлшектердің тұну жылдамдығы, м/с; 
 r
- бөлшектердің радиусы, м; 


- фазаның меншікті тығыздығы, г/м
3


2
- ортаның меншікті тығыздығы, г/м
3


- ортаның тұтқырлығы; 
g - еркін түсу жылдамдығы, м/с. 
Стокс формуласы бойынша седиментация жылдамдығы дисперстік фаза 
мен орта тығыздықтарының айырмашылығына тура пропорционалды. 
Тығыздықтар айырмашылығына байланысты бөлшектер тұнады немесе бетінде 
қалқып жүреді. Егер 




2,
онда бөлшектер тұнады, егер 




2,
онда бөлшектер 
қалқып жүреді. Суспензияның тұрақтылығы бөлшектер радиусына, дисперстік 
фаза мен дисперстік орта тығыздықтарының айырмашылығына, еркін түсу 
жылдамдығына кері пропорционалды, дисперстік орта тұтқырлығына тура 


240 
пропорционалды. Тұрақты суспензия алу үшін бөлшектердің өлшемдерін 
максималды кішірейту, дисперстік ортаның тұтқырлығын жоғарылату керек.
Өлшемі кіші бөлшектер, олардың меншікті беттік ауданының өсуіне 
негізделген, бос беттік энергияның артуына әкеліп соғады. 





σ, 
мұндағы: 

F - бос беттік энергияның өзгеруі, н/м; 

S - беттік ауданның өзгеруі, м
2

σ - беттік тартылыс, н/м. 
Шексіз өлшемдерге дейін бөлшектерді майдалау мүмкін емес. 
Термодинамиканың екінші заңы бойынша бос беттік энергия минимумға жетуге 
тырысады. Бос беттік энергияның төмендеуі бөлшектердің агрегациясы әсерінен 
жүруі мүмкін. Фармацевтік технологияның міндеті - дәрілік препараттың 
максималды терапевтік әсерін қамтамасыз ету, яғни дәрілік заттың ағза 
ұлпаларымен максималды көп беткейімен жанасуын сақтау. Ол үшін беттік 
ауданды сақтай отырып, беттік тартылысты төмендету, бөлшектердің 
агрегациясына кедергі келтіретін, бос беттік энергияның мәнін жоғарылату керек.
Дисперстік орта тұтқырлығын шырындар, глицерин, шайыр, крахмал 
шырышын, МЦ және NаКМЦ қосып арттыруға болады. Бірақ рецепт жазылымын 
тек қана дәрігер өзгерте алады. 
Суспензия тұрақтылығы дәрілік зат табиғатына да тікелей байланысты. Суда 
ерімейтін суспензия түзетін заттар: гидрофильді (сумен шыланатын) және 
гидрофобты (сумен шыланбайтын) болып екіге бөлінеді.
Гидрофильді ұнтақтар едәуір тұрақты суспензия түзеді, себебі олардың 
бетінде тығыз су қабаты түзіліп, бөлшектердің бір-бірімен жабысуына кедергі 
жасайды. 
Гидрофобты заттар су қабатын түзбейді, сондықтан олардың бөлшектері 
оңай жабысады, агрегат – үлпектер түзеді. Олар тез тұнады немесе су бетіне 
шығады, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет