Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет183/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Суспензияларға жалпы сипаттама беріңіздер. 
2.
Суспензиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 
3.
Суспензиялар қалай жіктеледі? 
4.
Суспензиялар қандай жағдайда түзіледі? 
5.
Суспензиялардың өзіне тән сипаттамасы. 
6.
Суспензиялардың тұрақтылығына әсер ететін қандай факторларды білесіздер? 
7.
Суспензияларды алудың қандай әдістері белгілі? Олардың айырмашылығы 
неде? 
8.
Гидрофильді заттармен суспензиялар қалай дайындалады? 
9.
Гидрофильді ісінбейтін заттармен суспензияны дайындау ережелері. 
10.
Гидрофобты ұнтақтармен суспензия қалай дайындалады? 
11.
Күкірт суспензиясын дайындау кезінде қандай тұрақтандырғыштарды 
қолданған тиімді болады? 
12.
Суспензиялардың сапасын қандай көрсеткіштер бойынша бағалайды? 
13.
Суспензиялардың технологиясын жетілдіру.
 
 
 
 


252 
3.10 Эмульсиялар – Emulsa 
Ішуге арналған эмульсиялар - 
Emulsa ad usum іnternum
. Дисперстік фазасы 
және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін сұйықтықтардан 
тұратын микрогетерогенді жүйені эмульсия деп атайды. Бөлшектерінің өлшемі 
1мкм 50 мкм дейінгі аралықта болады. Ішуге арналған эмульсиялар официналды 
дәрілік түр. КСРО МФ ХІ басылымына (2 т.) «Эмульсии» топтық мақаласы 
енгізілген. 
КСРО МФ ХІ басылымында эмульсияларға келесі анықтама беріледі: 
эмульсиялар - бір бірінде ерімейтін майда дисперсті жүйеден тұратын ішуге, 
сырт тәнге және парентеральды қолдануға арналған сыртқы түрі бойынша 
біртекті дәрілік түр. ҚР МФ I т., 500 б. «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-
дәрмектер» мақаласында эмульсияларға смпаттама берілген.
Дисперстік 
фазаны 
түзетін 
сұйықтықтың 
табиғаты 
бойынша 
эмульсияларды екі типке бөлуге болады: 
1.
Егер дисперстік фазасы май болса, ал дисперстік ортасы су болса, онда 
эмульсия бірінші типті, яғни судағы май (М/С) типіне жатады. М/С типті 
эмульсия ішуге қолдануға белгіленеді. 
2.
Егер дисперстік фазасы су, ал дисперстік ортасы май болса, онда эмульсия 
екінші типті, яғни майдағы су (С/М) типіне жатады. Эмульсияның С/М типі 
сырт тәнге қолдануға белгіленеді. 
Суретте эмульсияның типтері көрсетілген, сулы бөлігі штрихпен боялған 
(сурет 35). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет