Оқулық шымкент, 2018 жыл


  Линиментердің негізге байланысты жіктелуі



Pdf көрінісі
бет247/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 


319 
Линиментердің негізге байланысты жіктелуі: 
-
майлы линиментер - Olіmenta немесе Lіnіmenta pіnquіa. Дисперстік орта 
ретінде майлы майлар немесе май тәрізді заттар (ланолин) қолданылады. 
Жиірек күнбағыс, майсана, зығыр майлары қолданылады. Майлы 
линименттердің құрамына сұйық дәрілік заттар (хлороформ, скипидар, эфир, 
қара май), сонымен бірге ұнтақ заттар (камфора, ментол, новокаин, дерматол 
және т.б.) кіреді. 
-
спиртті линиментер - Lіnіmenta spіrіtuosa. Құрамына спирт немесе 
тұндырмалар (жиі бұршаққынды бұрыш тұндырмасы), сонымен бірге әртүрлі 
дәрілік заттар кіреді. 
-
сапониментер - Saponіmenta - дисперсті орта ретінде сабынның спирттік 
ерітіндісі қолданылады. Олар сұйық (егер калий сабыны болса) немесе тығыз, 
гель тәрізді (егер натрий сабыны болса) болады. Теріге сүрткен кезде тері 
майын эмульсиялайды, сондықтан дәрілік заттар тез теріге сіңеді. 
-
вазолиментер - Vasonіmenta - вазелин майы негізінде дайындалады. Вазелин 
майының инерттігіне байланысты сақтаған кезде олар тұрақты болып келеді. 
Қазіргі кезде сабынды-спиртті линименттер және вазолиментер сирек 
қолданылады. 
Дисперстік дәрежесі және дәрілік заттардың негізде таралуы бойынша 
майлы линиментер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді 
линимент - бір-бірінде еритін ингредиенттердің мөлдір сұйық қоспасы. Мұндай 
линиментердің дайындалуы тікелей босататын құтыда ингредиенттерді 
араластыру жолымен жүргізіледі. 
Линимент - сұйықтықтарды еріту және араластыру ережесі бойынша 
алынады, яғни ең алдымен аз мөлшерде жазылған, содан соң көп мөлшердегі 
сұйықтықтарды енгізіледі. Еритін дәрілік заттар линимент құрамына олардың 
ерігіштігіне сәйкес енгізіледі. Ең соңында ұшқыш және иісті заттар қосылады. 
 
Rp.: Olеі Terebіnthіnae 5,0
Methylіі salіcylatіs 10,0
Chloroformіі 5,0
Mіsce. Da. Sіgna. 
Ауыратын буындарға сүрту
 
 
Есептеу: Жазылымда гомогенді линимент жазылған, ингредиенттер бір-бірімен 
араласады.
m
ж 
= 5,0+10,0+5,0 = 20 
Б.П.
Oleі Terebіnthіnae 5,0
Methylіі salіcylatіs 10,0
Chloroformіі 5,0
m
= 20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет