Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет289/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


366 
ТАРАУ 5 СТЕРИЛЬДІ ЖӘНЕ АСЕПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА 
ДАЙЫНДАЛАТЫН ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР 
 
5.1 Асептикалық жағдайды әзірлеу. 
 
Белгіленуі әртүрлі бірқатар дәрілік препараттар асептикалық жағдайда 
дайындауды қажет етеді. 
Асептикалық жағдайда дайындауды талап ететін дәрілік түрлерге: 
-
шаншуға арналған дәрілік түрлер; 
-
микроорганизмдері жоқ қуыстарға енгізілетін, ирригациялық ерітінділер; 
-
көзге арналған дәрілік түрлер (көз тамшылары, офтальмологиялық 
ерітінділер, көзге арналған жағар майлар); 
-
құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер; 
-
жарақаттарды, кілегей қабықтарды емдеуге арналған дәрілік түрлер 
(сеппелер, жағар майлар, ерітінділер); 
-
жаңа туған және бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер 
жатады. 
Қазіргі кезде дәріхана рецептурасында стерильді дәрілік түрлердің 
меншікті салмағы өсіп, құрамы күрделеніп ассортименті көбейді. Бұл дәрілік 
түрлер құрамында микроорганизмдер мен олардың спораларының 
болмауымен, микроорганизмдердің минималды мөлшерінің болуымен 
сипатталады. 
Бұл дәрілік түрлерді асептикалық жағдайда дайындау және стерильдеу 
қажеттілігі келесі жағдайларға негізделген: 
1.
Құрамында микроорганизмдері бар дәрілік заттарды тікелей қанға 
енгізген кезде, организм зақымданады. 
2.
Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің асептикалық жағдайда 
дайындау қажеттілігі, дәрілік түрге түскен микроорганизмдердің 
ферментімен олардың бұзылуына байланысты, эффективтілігі жоғалады. 
Антибиотик 
белсенділігі 
микроорганизмдердің 
өсуін 
тоқтатуға 
шығындалады, сонымен қатар антибиотиктер жоғары температура 
әсерінен белсенділігі жойылады, сондықтан оларды стерильдеуге 
болмайды. 
Дәріхана жағдайында стерильді дәрілік түрлер технологиясында 
қолданылатын негізгі құжаттар: 
1.
ҚР МФ І басылымының жалпы мақалары: «Парентеральдік қолданылатын 
дәрі-дәрмектер», «Көзге арналған дәрі-дәрмектер», «Стерильді өнімдер 
дайындау әдістері», «Стерильділік», «Дәрі-дәрмектерді стерильдікке 
сынау», «Микробиологиялық тазалығын тексеру», «Пирогендер». 
2.
ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 «Дәрілік 
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың 
айналысы 
саласындағы 
объектілерге 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын 
бекіту туралы» бұйрығының тиісті бөлімдері. 


367 
Асептикалық жағдайда дайындалатын барлық дәрілік түрлер үшін негізгі 
және жалпы талап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет