Оқулық шымкент, 2018 жыл


Органикалық қышқылдар тұнбалары



Pdf көрінісі
бет379/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Органикалық қышқылдар тұнбалары. 
Күшті негіз және әлсіз 
қышқыл тұздары - кофеин-натрий бензоаты, натрий тиосульфаты, натрий 
нитриті, сульфацил-натрий қышқыл ортада тұрақсыз, сондықтан натрий 
гидроксидімен немесе натрий гидрокарбонатымен тұрақтандырылады. 
Сонымен қатар, барбитур қышқылының натрий тұздары, норсульфазол-
натрий, натрий бензоаты, натрий салицилаты, эуфиллин қышқылдармен 
әрекеттессе, тұнба бөле отырып ыдырауы мүмкін.
А.А.Фелсберг және В.А.Шидловска (1974) барбитал-натрий мен 
барбамилдің күрделі микстураларда кездесетін 25 дәрілік зат пен 
препараттармен сыйымдылығын зерттеген. Олар барбитал-натрийдің (натрий 
5,5-диэтилбарбитурат, суда ерігіштігі 1:5) салыстырмалы түрде тұрақты 
қосылыс екендігін анықтады. Ортасы әлсіз қышқылды реакциялы заттармен 
және препараттармен біріксе ыдырамайды. Шүйгіншөп, меруертгүл, 
сасықшөп тұндырмалары, сұйық экстрактылар – шүйгіншөп, жалынгүл 
концентраттары, этилморфин гидрохлориді, кодеин фосфаты, новокаин 
дәрігердің жазған мөлшерінде барбитал (5,5- диэтилбарбитур қышқылы, суда 
ерігіштігі 1:170) тұнбасының түзілуін тудырмайды. Аскорбин, никотин және 
басқа қышқылдар концентрациясы 0,75% кем болмаса барбиталды тұнбаға 
түсіреді. Барбитал тұнбасы бірден көрінбейді, қышқылдың және барбитал-
натрийдің концентрациясына байланысты 2, 3 немесе тіпті 4 күні байқалуы 
мүмкін. Барбитал-натрийдің 0,5% ерітіндісінен қышқылдар барбиталды 
тұнбаға түсірмейді, себебі оның мөлшері судағы ерігіштік шегінен аспаған. 
Барбамилдің 
(натрийдің 
5-этил-5-изоамилбарбитураты, 
судағы 
ерігіштігі 1:5) микстуралардағы концентрациясы 0,25% және одан жоғары 
болса, 
қышқылдармен 
әрекеттесіп, 
суда 
аз 
еритін 
5-этил-5-
изоамилбарбитурат қышқылының тұнбасын түзеді. Өсімдік шикізатынан 
және сұйық экстракт-концентраттардан алынған тұндырмалар, тұнбалар, 
этилморфин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, кодеин фосфаты, новокаин 
- барбамилдің қышқыл түрін концентрациясы 0,5% және жоғары 
ерітінділерден тұнбаға түсіреді. Барбамилдің 1% ерітіндісінен тұнбаны тіпті 
әлсіз сілтілі заттар - натрий бензоаты, кофеин-натрий бензоаты бөледі. 
Барбитал-натриймен салыстырғанда барбамилдің қышқыл түрінің тұнбасы, 
біртіндеп, ине кристалдары түрінде түзіледі. 
Барбамил 
және 
барбитал-натрий 
ерітінділерде 
дибазолмен, 
димедролмен және папаверин гидрохлоридімен бірігіп, суда нашар еритін 
осы заттардың негіздерін тұндырады. 


496 
Rp.:
 
Barbamylі 1,5 
Acіdі nіcotіnіcі 0,4
Solutіonіs Natrіі bromіdі 3 

 200 ml 
M.D.S.
1 ас қасықтан жатар алдында 
Никотин қышқылы барбамилден 5-этил-5-изоамилбарбитур қышқылын 
бөледі.
Rp.: 
Barbіtalі-natrіі 3,0 
Acіdі ascorbіnіcі 2,0 
Іnfusі rhіzomatіs cum radіcіbus Valerіanae ex 6,0:200 ml 
M.D.S.
1 ас қасықтан жатар алдында 
Барбитал-натрий тұнбасы түзіледі. 
Rp.: 
Solutіonіs Sulfacylіі-natrіі 30 

 10 ml 
Dіcaіnі 0,1 
M.D.S.
2 тамшыдан күніне 2 рет екі көзге 
Дикаин негізі және сульфацил қоспасынан тұратын тұнба түзіледі. 
Кофеин-натрий бензоатынан басқа, пуринді алкалоидтардың қос 
тұздарына эуфиллин жатады. Эуфиллин химиялық құрылысы бойынша 
1,2-этилендиамин мен теофиллин болып табылады. Қышқылды, тіпті әлсіз 
сілті ортада теофиллин тұнбаға түсуі мүмкін. 
Rp.:
Іnfusі herbae Leonurі 10,0:200 ml 
Euphyllіnі 3,0 
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 2 рет 
Сасықшөп тұнбасының органикалық қышқылдары эуфиллинмен 
әрекеттесіп, теофиллин тұнбасын түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет