Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет38/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Парентеральді
(лат. par entheron – жанынан, соқпай) енгізу тәсілі 
әркелкілігімен ерекшеленеді. Бұл теріге жағу, шаншуға арналған және 
ингаляциялық енгізу жолдары. 
Теріге
әсер ету үшін көптеген дәрілік түрлер қолданылады (сеппелер, 
жағар майлар, пасталар, линименттер және т.б.). Дәрілік құралдардың әсері 
жергілікті немесе жалпы болуы мүмкін. Теріде жүйке ұштары болғандықтан, 
дәрілік құралдарды енгізудің рефлекторлық жолын пайдалану мүмкіндігі бар. 
Мысалы, кеудеге қойылған қышалар аяқтардағы қан тамырларының кеңеюін 
тудырады. Тері ағзаның қорғаныс барьері болып табылады. Бұл липоидты 
қабатпен қапталған эпидермиске байланысты (липоидтер, холестерин). 
Сондықтан, тері арқылы майларда еритін заттар (фенол, камфора), майларды 
ерітетін сұйықтықтар (этанол, хлороформ, эфир) жақсы сіңіріледі. Сонымен 
бірге, тері арқылы газдар және ұшқыш заттар (йод) жеңіл өтеді. Терінің сіңіру 
қабілеті оның бүтіндігінің механикалық бұзылуы, гиперемия кезінде 
жоғарылайды. Жарақатталмаған тері арқылы сулы ерітінділер сіңірілмейді деуге 


73 
болады. Тері арқылы дәрілік заттардың эмульсияланған сулы ерітінділері жақсы 
өтеді. Бұл ерітінділер, негізінде, жергілікті әсер көрсетеді. Дәрілік құралдарды 
жарақатталмаған тері арқылы электр тогы көмегімен (ионофорез) енгізуге 
болады, мысалы электролиттер, алкалоидтар, антибиотиктер ерітінділері.
Дәрілік құралдарды 
кілегей қабыққа
жағу кеңінен қолданылады: көзге, 
мұрынға, құлаққа арналған және уретральды, вагинальды дәрілік түрлер. 
Кілегей қабаттарында көптеген капиллярлар, қан тамырлары болғандықтан, 
олардың сіңіру қабілеті жоғары. Кілегей қабаттарында май қатпарлары жоқ, 
сондықтан, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін жақсы сіңіреді. 
Жергілікті 
әсер 
көрсететін 
дәрілік 
түрлерге 
дезинфекциялық, 
бырыстыратын, антисептикалық заттар жатады. Уретральды және вагинальды 
дәрілік түрлер тек қана жергілікті емес, кіші жамбас органдарына әсер ету үшін 
де қолданылады. 
Парентеральды дәрілік түрлер ішінде ерекше орынды
 ингаляциялық
(лат. 
іnhalare – дем тарту, дем жұту) дәрілік түрлер алады. Олардың көмегімен дәрілік 
құралдарды тыныс алу жолдары арқылы енгізуге болады: газдар (оттегі, азот 
шала тотығы, аммиак), жеңіл ұшқыш сұйықтықтар (эфир, хлороформ). Аз 
ұшатын сұйықтықтарды ингаляторлар көмегімен енгізуге болады. Бұл жағдайда 
дәрілік құралдардың сіңірілу қарқынын өкпе альвеолалары бетінің үлкендігімен 
(50-80 м
2
) және қан тамырлары торының көптігімен түсіндіруге болады. Дәрілік 
заттар тікелей қанға түсетіндіктен, әсер тез көрсетіледі. 
Парентеральды дәрілік түрлер қатарына ағзаға шприц көмегімен енгізілетін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет