Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет261/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Гидрофильді негіздер:
желатинді-глицеринді, сабынды-глицеринді, 
полиэтиленоксидтер (ПЭО). 
Желатин-глицеринді (Massae gelatinosa) негіздің официналды жазылым 
құрамы: 1 бөлік желатин, 2 бөлік су, 5 бөлік глицерин. 
Негізді дайындау желатин ерітінділерін дайындаудың технологиялық 
сатыларын есепке алумен жүргізіледі. Негіз оңай қататын серпімді масса, бұл 
негіз суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындағанда қолданылады. 
Негізді дайындау. Майдаланған желатинді бөлме температурасындағы 
тазартылған сумен құйып, 30-40 минутқа ісінуге қалдырады. Уақыт өткен соң 
глицеринді қосып, біртекті масса алынғанша қыздырады. Дайын негізден 8,0 г 
алынуы керек. 
Желатин-глицерин негізінің бірқатар кемшіліктері бар. Механикалық 
беріктігінің төмендігіне байланысты вагиналды суппозиторийлер дайындау 
үшін қолданылады. Электролиттердің едәуір мөлшерін қосқанда синерезис 
құбылысы байқалады. Сонымен бірге негіз қышқылдармен, сілтілермен және 
бырыстырғыш құралдармен сыйымсыз. Желатин ауыр металл тұздарымен 
ерімейтін өнімдер түзеді. Сақтаған кезде желатин-глицерин негізі, 
микроорганизмдердің көбейуіне қолайлы орта болғандықтан, тез кебеді және 
көгереді.
Сабынды-глицеринді негіз 20 балауызға берілген официналды жазылым: 
60,0 г глицерин; 2,6 г натрий карбонаты және 5,0 г стеарин қышқылы. 
Негізді дайындау: 2,6 г кристалды натрий карбонатын су моншасында 
қыздыра отырып глицеринде ерітеді, содан соң аздап стеарин қышқылын 
қосады. Көміртек диоксиді толық бөлінгенше араластырады. Негіз сабын 
натрий стеаратының түзілу есебінен серпімді консистенциялы болады. Негіз 
индифферентті емес, ол дәрігердің белгілеуімен іш айдағыш зат ретінде 
қолданылады. 


335 
Суппозиторий негізі ретінде 8-10% сабынның глицериндегі ерітіндісі де 
қолданылады. Натрий стеараты және натрий пальмитаты мен глицериннен 
тұратын, медициналық сабынды балқыту арқылы дайындалады. Бұл кезде 
едәуір тығыз сілбі алынады. 
Сабын-глицеринді 
негізде 
дайындалған 
суппозиторийлер, 
өте 
гигроскопиялы және, басқа дәрілік заттарды қоспай дайындалады.
ПЭО 
сипаттамасы 
«көмекші 
заттар» 
тарауында 
берілген. 
Полиэтиленоксид негіздері бірқатар артықшылықтармен сипатталады: 
-
олардың шырышты қабықтың секретінде еру қаблеті, белгілі балқу 
температурасы бар затты таңдау қажеттігін жоюға мүмкіндік береді; 
-
дәрілік құралдар толық босап шығады және шырышты қабықты 
тітіркендірмейді; 
-
сақтау мерзімі ұзақ, микроорганизм көбеюіне қолайсыз орта; 
-
бұл негізбен суппозиторийді престеу және қалыпқа құю әдісімен 
дайындауға болады; 
-
полиэтилен негізіндегі суппозиторийлер жақсы тауарлық түр және 
салыстырмалы арзан болады; 
-
дайындау процесті автоматтандыруға ыңғайлы. 
Кемшіліктері: 
- көптеген дәрілік заттармен (фенол, резорцин, танин, салицилаттар, 
йодидтер, бромидтер, сынап, висмут, күміс тұздары және басқалар) сыйымсыз; 
-
полиэтиленоксидтер ұлпалардан ылғалды тартады және онда ериді, 
сондықтан антифизиологиялық экзоосмосты (шырышты қабықты 
сусыздандырады) шақырады, тік ішекке қолайсыз жағдай тудырады; 
-
ПЭО ерітінділерінің тығыздығы төмен және қуыстан ағып кетуі 
мүмкін. 
Осы көрсетілген кемшіліктер ПЭО ректальды суппозиторийлер үшін негіз 
ретінде қолдану шектелді, бірақ вагиналды суппозиторийлер үшін 
қолданылады.
Молекулярлы салмағына байланысты суппозиторий негіздерін дайындау 
үшін әр түрлі ПЭО комбинациялары қолданылады.
Ең оптималды құрамы: 60% ПЭО-6000, 20% ПЭО-4000, 20% ПЭО-1500. 
ПЭО негізінің кемшілігі, ол тік ішектің шырышты қабығын сусыздандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет