Сурет-36. Педагогика ғылымының ерекшелігі
1. «Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені
меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық
процесс» (Педагогика, Абай атындағы ҰПУ авторлар ұжымы).
2. «Педагогика – әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым»
(Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев).
3. «Педагогика – білім беру әрекетін зерттейтін бірден бір ғылым»
(В.В.Хуторский).
4. «Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым» (Г.М.Афонина,
И.П.Подласый).
5. «Педагогика – балалар мен ересектерді оқыту, білім беру, тәрбиелеу
туралы ғылым» (М.Е.Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко).
6. «Педагогика – адамды оқыту мен тәрбиелеудің формалары, әдістері,
заңдылықтары мен принциптерінің мәні туралы ғылым» (Л.В.Мардахаев).
7. «Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту
туралы ғылым» (А.М.Новиков).
8. «Педагогика – теориялық ғылым, педагогикалық іс-әрекет, өнер»
(И.Харламов).
АДАМ-
АДАМ
жүйесіндегі
ғылым
Тәлімгерді,
тәрбиешіні
мұғалімді
даярлайтын
ғылым
Достарыңызбен бөлісу: |