Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет204/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Дүниетаным
– дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, 
табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік - 
эканомикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын 
қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің 


146 
органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылым-
философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, 
болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде 
қалыптасады. 
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған 
ортаға, өзіне-өзінің, басқаларға қарым-қатынасы туралы мәліметтердің 
жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен 
идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді. 
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана 
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге 
деген 
қатынас. 
Адам 
дүниеге 
бей-жай, 
немқұрайлықпен 
немесе 
қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. 
Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние 
туралы түсініктер жинақталып тиянақталады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, 
олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы 
түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным – өзін өзі, айналадағы ортаны 
өзгертетін адамның практикалық іс- әрекетінің тірегі. 
Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. 
Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және 
құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың 
жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан 
көкейкесті мәселеге айналуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет