191
Педагогикалық диагностика жылдам ақпарат алу арқылы маңызды
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
-
күрделену деңгейі әртүрлі бағдарламалар бойынша сынып құрамын,
тәрбиеленушілердің жұмысын жоспарлауға мүмкіндік беретін, олардың оқуға
дайындықтарының деңгейі жөнінде ақпараттар алу;
-
тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін бағалау, олардың ақыл-ойы, оқу
әрекеттерінің қалыптасу деңгейі, оқытуды мотивтендірудің сипатын анықтау;
-
өзін-өзі тану негізінде жасөспірімдердің өздерін дамытуларын
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың танымдық қасиеттерінің дамуын,
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынасты, тәрбиеленушілер мінезінің
ерекшеліктерін зерделеу;
-
сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас, педагогикалық ұжымның
жұмыстарын басқару, ұжымда жақсы психологиялық ахуалдың болуы, жеке
тәрбиеленушілердің
іс-әрекеттерінің
сипатын
жетілдіру
мақсатында
тәрбиеленуші тұлғасының ерекшеліктері жөнінде ақпараттар алу;
-
төменгі және одан кейінгі сыныптардағы жекелеген тәрбиеленушілердің
даму деңгейін диагностикалау және соның негізінде түзету жұмыстарын
ұйымдастыру.
Психологиялық диагностика педагогтарға өздері жасаған құралдарын, яғни
әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: