94
Жасырын бақылау
. Тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде
телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-
зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара-қатынасы
туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап зерттеу
зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын
көрсе өздерін басқаша ұстайды.
Дискретті (үзік-үзік) бақылау.
Объектіні ұзақ уақыт бақылайтын
кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты
жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін
қайтадан жалғастырылады.
Ізденісті бақылау.
Көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек
деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп
уақыт пен зерттеушіге тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
Сұхбат-әңгіме.
Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті
тәжірибесін қажет етеді. Сұхбаттың мақсаты – сұхбаттасушылардың міндеттері
мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін
зерттеу.
Сауалнама жүргізу
. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен
олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық
құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше
мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.
Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген
–
интервью алу.
Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып
барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Достарыңызбен бөлісу: