167
әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі
бола алады.
Эстетикалық сезім
байлығы
–
адамның рухани
өмірін жоғары тарапты
дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып,
әсемдікті көре
біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам
–
әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі
бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат
дегеніміз
–
адамдардың көксеп жүрген
әсемдік
жөніндегі түсінігі. Эстетикалық сезімдерді, мұрат,
талғамдарды бағалауды
тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың
маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі компонеттері: эстетикалық сезім;
эстетикалық қабылдау; эстетикалық талғам; эстетикалық мұрат.
Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа
әдепті көзқарастың және
оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,
табиғи ресурстардың
жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-
әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбие алдымен қоршаған ортаны және
халықтың
денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы
халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді (70-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: