Сабаққа қойылатын талаптар
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын
анықтау;
-
оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай,
оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар
меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
- оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті
арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыру;
- оқыту принциптерін тиімді қолдану;
- оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |