қайта аминдену реакцияларына жұмсалады. Қайта аминдену немесе
трансаминдену ферментативті қайтымды процесс.
(4.8).
Аминқышқылындағы амин тобы кетоқышқылдарға тасымалдану
арқылы алмасатын аминқышқылдары синтезделеді. Аталған
реакцияны 1937 жылы Совет биохимиктері Браунштейн мен
Крицман ашты. Бұл процес аминотрансфераза ферментінің
қатысуымен жүзеге асады. . (4.8). [105].
Әрбір алмастырылатын аминқышқылына сәйкес келетін
ферменті бар олардың арасынан ең жоғары белсенділік танытатын
глутамикоаланинтрансфераза, сондықтан қайта аминдену процесі
глутаминнің қатысуымен өте жеңіл жүреді. Трансаминдену
организмде өте кең көлемде жүзеге асады.
Бұл реакцияның маңызы:
1. Тіндерде алмастырылатын аминқышқылдары синтезделеді.
2. Пайдаланылмаған аминқышқылдары оксидазаларының
организмде активтіліктері төмен болғандықтан трансаминдену
арқылы ыдырауға ұшыратады, яғни трансаминдену реакциясы
тікелей емес дезаминденудің бірінші фазасы болып табылады
3. Реакцияның қайтымды болуы салдарынан қайта аминдену
көмірсулар
мен
аминқышқылдар
алмасуы
арасындағы
байланыстырушы рөл атқарады.
193
(4.9).
Алмастырылатын аминқышқылдары тотықсызданудан
аминдену реакциясының көмегімен синтезделеді.
Мысалы, глутамин қышқылынан пролин, сериннен глицин,
фенилаланиннен тирозин (гидроксилдену реакциясы), метиониннен
цистеин синтезделеді. (4.9).[106].
Кейбір аминқышқылдары жұп өт қышқылдарының (глицин),
тауриннің (цистеин) түзілуіне жұмсалады. (4.10). [107].
(4.10)
.
Улы өнімдерді бензой қышқылы (глицин) усыздандыруға
қатысады.
Тіндерде
синтез
процесіне
жұмсалмаған
аминқышқылдары ыдырауға ұшырайды, яғни диссимиляция
194
процесіне жұмсалады, көбінесе соңғы өнімдерге немесе аралық
өнімдерге, кішігірім заттардың түзілуіне пайдаланылады.