Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет212/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
байланысқан -
уақытша активсіз күйде болуы мүмкін. Байланысқан 
гормондар суда оңай ериді, олар гормондардың тасымалдану түрі 
және қоры болып саналады. Гормондар мен белоктар арасындағы 
байланыстың беріктігі олардың әсер ететін уақытына тәуелді. Бос 
және байланысқан формаларының арасында белгілі бір байланыс 
болады. Бос күйіндегі гормондар азайғанда белоктармен 
байланысқан активсіз гормондар диссоциацияланады. 
6.
Уақытша әсер етуі.
Кейбір гормондар өте аз уақыт (3-10 
минут) әсер етеді, мысалы, белокты-пептидті гормондар - адреналин 
және норадреналин. Бұларды 
стресс-гормондары
деп атайды. 
Стероидты гормондар ұзақ әсер етеді. Бірнеше сағат, бірнеше тәулік, 
тіпті апталар бойы активтілігін сақтайды. Оларды 
бейімділік 
гормондары
деп атайды. 
7. Барлық гормондар 
рецепторлар
арқылы әсер етеді. 
Сигналдарды рецепторлармен қабылдау тек қана клеткалы 
организмдерге тән. Гормондардың рецепторлары табиғаты жағынан 
ірі, қышқылдық белок, өздеріне сәйкес гормондарға ұқсастығы бар. 
Олар гормондардан қабылданған сигналды клетка ішіндегі 
метаболизмнің тіліне аударады. Рецепторлар клетканың әр жерінде, 
көпшілігі клетка мембранасының сыртқы бетінде орналасады және 
химиялық табиғаты жағынан күрделі гликопротеидтер болып 
табылады. Олардың құрамындағы көмірсулар өздеріне сәйкес 
келетін гормондарды танып, гормон рецепторлық комплекстің 
түзілуін қамтамасыз етеді. Мұндай рецепторлар белокты-пептидтік 
гормондарға, катехоламиндерге тән, ал гидрофильді гормондарға 
клетка ішіне енуі қажет емес. [2]. 
Рецепторлар клетканың ішінде цитоплазмада немесе ядрода 
клетканың басқа органоидтарының мембранасында орналасуы 
мүмкін. Мұндай гормондар өзінің рецепторларымен байланысуы 
үшін клетканың ішіне енеді. Рецепторлар барлық клеткаларда 
кездеспейді және біркелкі орналаспайды. 


291 
Клеткаларда немесе тіндерде белгілі бір гормондарға сәйкес 
рецепторы бар болса оларды нысана клеткалар, нысана тіндер деп 
атайды немесе тәуелді клеткалар, тіндер дейді. 
Гормондардың 
әсері 
өте 
күшті 
болуы 
үшін 
олар 
рецепторлардың тек қана 2-10%-імен байланысқаны жеткілікті. 
Қанда гормондардың саны көбейгенде, бос рецепторлардың 
саны азаяды немесе керісінше болады. Қандағы гормондардың
мөлшері жоғарылағанда клетка мембранасында рецепторларының 
синтезі күшейеді. Рецепторлардың саны өте көбейіп кетсе, олар бір-
біріне жабысып, кластерлер түзеді. Мұндай түрде рецепторлар 
гормондармен 
байланыса 
алмайды. 
Сондықтан 
клетка 
гормондардың сигналын қабылдамайды. Жабысып, біріккен 
рецепторларды лизосомалар бөгде зат ретінде қабылдайды, 
сондықтан оларды гидролиздейді немесе оларға қарсы антиденелер 
түзіледі. Нәтижесінде, клетка ешқандай да гормонның реттеуші 
сигналын қабылдай алмайды. 
Ұзақ уақытқа созылған эндокринді бездердің гиперфункциясы 
қандағы гормон мөлшерінің көбеюіне әкеледі. Бұл жағдай нысана 
клеткалардың гормондарға сезімталдығын жояды, себебі
кластерлер пайда болады. 
Бірқатар эндокринді аурулар, соның ішінде қант диабеті, 
гормондардың түзілуі және бөлінуі бұзылғандықтан, рецепторлар 
мен гормон арасындағы сәйкестік бұзылғанда пайда болады, яғни 
рецепторлар әр түрлі себептерден гормондарға сезімталдығын 
жоғалтады. Рецепторлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет