Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория,
енді жынысты
жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады.
Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның қосылуы.
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен
басталады. Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар
бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп
атайды (21-сурет). Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде
цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп
кетеді. Инфузорияның екеуінің де
микронуклеусі екі рет бөлінеді, сөйтіп
әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған
төртінші ядро тағы да 2-ге бөлінеді - біреуі үлкен, екіншісі кішкентай.
Бұларды пронуклеус деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро,
жылжымайтын стационарлық, ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті,
кезбе - аталық жыныс ядро. Бұдан
кейін екі ифузорияның аталық, кезбе
ядролары цитоплазмалық, көпіршік арқылы бір-бірімен алмасады, сөйтіп
Достарыңызбен бөлісу: