Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA



Pdf көрінісі
бет16/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA
Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда тіршілік етеді. Кейбіреулері 
теңізде де кездеседі. Денелері шар тәрізді (5-сурет). Цитоплазма екіге 
бөлінген: тығыз ұсақ түйіршікті ішкі эндоплазмаға және вакуольді сыртқы 
эктоплазмаға. Орталық капсуласы және минеральды қаңқасы болмайды, тек 
кейбір теңізде тіршілік ететін түрлерінде кремнеземнен құралған тор тәрізді 
қаңқалары болады. Жыныссыз жолмен көбейеді, кейбіреулері ғана жынысты 
жолмен көбейеді. Түрлері өте аз. Негізгі өкілдері - Actinosphaerium eichhorni, 
Actinophrys sol.


5-сурет
.
Күнтәрізділер - Actinosphaerium eichhorni: A - жалпы көрінісі; Б - денесінің бір 
бөлігі; 1 - эктоплазма, 2 - эндоплазма, 3 - ас қорыту вакуолі, 4 - аксоподиялар, 5 - ядро
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері 
жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және 
адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті 
ауруларды туғызады. 
Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың 
болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін 
атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып 
келеді. Талшық клетка бетінен сыртқа карай шығып тұратын ұзынша келген 
бос бөлігінен және эктоплазманың қоюлығына батып тұратын базальды 
денешік немесе кинетосомадан құралған. Электрондық микроскоп арқылы 
қарағанда талшықтың күрделі құрылысын да байқауға болады. Оның сыртын 
үш қабатты мембрана қаптап тұрады, ол клетканың мембранасының 
жалғасы, ал мембрананың астында (ішінде) ұзына бойы созылып жатқан 11 
жіпшелердің (фибрилдердің) бар екендігі байқалады, екеуі қалың (әрқайсысы 
25 нм) орталық фибрилла, ал қалған тоғыз фибрилдері екі орталық фибрилді 
қоршап жатады. Әрқайсысы екі түтікшеден тұрады. Фибрилдердің толқынды 
тербелісі арқылы қарапайымдылар қозғалысқа келеді.
Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін 
айналымды жасайды.
Талшықтылардың кейбір түрлері (Rhizomastigina отрядының өкілдері) 
талшықтарымен қатар жалған аяқтарын (псевдоподияларын) да шығарып 
амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта талшықтарын жоймайды. Осы 
белгі талшықтылар класының саркодиналар класымен жақын екендігін 
көрсетеді және бұл кластарды бір типке Sarcomastigophora-ға жатқызады.
Талшықтылардың клеткасы сыртынан мембранамен қапталған. 
Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті 
эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп 
аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі 
өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау, 
цилиндр, шар, эллипс пішіңдес болып келеді. Кейбіреулерінің құрамында 
темір тұздары бар сауыттары болады.
Талшықтылардың көбісінде клетка бір ядролы, тек опалинина 
отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған, 
бұған қосымша вакуольдері жалғасады. Бұлар зәр шығару, осмос қысымын 
реттеу және тыныс алу қызметін атқарады. Кейбір талшықтылардың 
клеткаларының ішінде хлорофилл пигменттері сіңген хроматофора 
органоидтары болады, олар фотосинтез қызметін атқарады. Бұл белгілер 
өсімдіктерге тән қасиет, сол себептен жасыл түсті талшықтыларды 
өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық формасы деп есептейді. 


Талшықтылардың арасында колония құрып тіршілік ететін түрлері де кең 
тараған.
Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро 
митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін цитоплазма клетканың алдыңғы жа-
ғынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.
Колония құрып тіршілік ететін талшықтыларда (Uroglenopsis, 
Sphaeroeca, Volvox туыстарында) жыныссыз көбеюі монотомия және 
палинтомия жолымен өтеді.
Монотомия жолымен бөліну кезінде клетка екіге бөлінеді. Пайда 
болған ұсақ клеткалар әрі қарай бөлінбей өседі, барлық органоидтарын түзеп, 
аналық формасына жетілгеннен кейін ғана тағы да бөлінеді, олар өз кезегінде 
тағы да өсіп бөлінеді. Талшықтылардың монотомия жолымен пайда болған 
колониялары 6-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет