шатырының диаметрі 2 м-ден артық, қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге
жетеді. Қармалауыштарының және шатырының көмегімен суда қалқып,
шарықтап немесе реактивті түрінде жылжиды. Шатыры минутына 100-140
рет жиырылып жазылады. Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар да кездеседі.
Олар солтүстік
теңіздерде көп кездесетін, қоңыр түсті, биіктігі 2-3 см -
Haliclystus және ақшыл түсті, биіктігі 12 см-ге дейін жететін Lucernaria
туысының өкілдері. Олар шатырының жоғарғы
жағындағы сабақшасымен
субстратка бекінеді. Шатырша шеті терең ойысталған, түйреуіш
тәрізді
қармалауыштарының арасыңда түрі өзгерген безді клеткаларға толы -
ропалиялары орналасқан.
Сцифомедузалар -
жыртқыштар, планктондық организмдермен, балық
шабақтарымен де қоректенеді, ал тамырауызды медузалардың Rhyzostoma
pulmo
өкілінің ауыз тесігі бітеліп, ауыз айналасындағы қалақша өскінділері
бірігіп қатпарланып, тек кана ұсақ планктонды организмдерді сүзетін елекке
айналған.
Классификациясы.
Сцифомедузалар класы бес отрядқа бөлінеді:
стауромедузалар - Stauromedusae, кубомедузалар - Cubomedusae, короната -
Coronata, семаеостомеа - Semaeostomeae, тамырауыздылар - Rhizostomida.
Стауромедузалар отряды - Stauromedusae
Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды.
Планула личинкасы бірден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрі жатады.
Негізгі туысы: Lucernaria және Haliclystus.
Достарыңызбен бөлісу: