типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің екінші
реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған ерекше
(перитониальді) эпителимен астарланған. Перитониальды эпителий бір
жағынан теріге жабысады, бұл соматикалық (париетальдық) перде немесе
соматоплевра, екінші жағынан ішекке жабысады - бұл висцеральдық перде
немесе спланхноплевра. Соматоплеврадан дене қабатының бұлшықеттері, ал
спланхноплеврадан ішекті, ішкі мүшелерді қоршап жатқан бұлшықеттері
пайда болады.
Алғашқы реттік ауыздылар - Protostomia тобындағы жануарлардың
эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады
және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен дамиды, яғни эктодерма
және энтодерма қабаттарының аралығында бластопора жанында телобласт
деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп шығады да, солардың бөлінуі
нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды. Protostomia тобына жалпақ құрттар,
немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар,
онихофоралар, моллюскалар типтері жатады. Қалған типтер екінші реттік
ауыздылар - Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора
тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады.
Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма қабаты
энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың
энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиттарға айналып бөлініп шығады.
Билатеральды симметрияның және мезодерманың жетілуі жануарлар
құрылысының күрделіленуіне, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне
және жер бетінін күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: