Құршаяндар - дара жыныстылар. Аталықтардың жыныс бездері екеу,
әрқайсысы көлденең тармақтармен байланысқан екі түтікшеден тұрады.
Тұқым жолдарының да саны екеу, олардың ақырғы бөлімінде тұқым
көпіршігі және қосымша безі бар. Аналықтың жыныс аппараты құрсақтың
алдыңғы бөлігінде жататын көлденең өсінділермен өзара байланысқан үш
көлденең түтікшелерден тұрады. Солардың барлық қабырғаларында
жұмыртқа фолликулалары дамиды. Қазіргі құршаяндардың ежелгілерден
айырмашылығы аз.
Құршаяндардың 750-ге жуық түрлері бар. Олар негізінде
субтропикалық және тропикалық аймақтарда, сондай-ақ Орталық Азияда,
Қазақстанның оңтүстігінде Buthus және Euscorpius туыстың өкілдері көбінесе
шөлді құмдарда мекендейді.
Құршаяндар түнде тіршілік ететін жыртқыштар, күндіз тастардың,
түбірлердің, басқа жерлердегі қуыстарда паналайды. Қоректері - көбінесе
насекомдар, өрмекшілер.
Достарыңызбен бөлісу: