Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет208/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Ас қорыту жүйесі.
Көпаяқтылардың ас қорыту жүйесі түтік тәрізді, 
тек артқы ішегі имек болып келеді. Аузы басының төменгі жағында, өңеш 
деп аталатын алдыңғы ішекке жалғасады. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы 
бөлігі сілекей бездерімен байланысты. Кивсяктардың үш жұп сілекей бездері 
бар, олардың әрқайсысы жеке тесікпен ашылады: екі жұбы ауыз қуысына, 
үшіншісі гнатохилярияға. Ерінаяқтыларда эктодермальды жолмен пайда 
болған 3-5 жұп сілекей бездері болады. Олар да ауыз қуысына жеке тесіктер 
арқылы ашылады. Екінші жұп жақтарының түбіне ашылатын сілекей бездері 
насекомдар личинкаларының жібек беретін бездеріне ұқсайды.
Ортаңғы ішек коректі корыту және сіңіру қызметін атқарады. Артқы 
ішегі қысқа (128-сурет).
Diplopoda класс тармағының өкілдері өсімдікқоректі және негізінен 
шіріген жапырақтарымен, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ерінаяқтылар 
- жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі.
Ортаңғы және артқы ішектің арасында ішекке бір 
немесе екі жұп тұйықталған ұзын мальпиги түтігі жалғасқан (128-сурет). 


Түтік эпителиінде және оның қуысында несеп қышқылы жиналады, 
көпаяқтыларда да насекомдардағы сияқты олар зат алмасудың қалдық өнімі 
болып табылады. Мальпиги түтігімен қатар зәр шығару қызметін басқа да 
мүшелер, мысалы, лимфа бездері атқарады. Олар мальпиги түтігінің немесе 
құрсақ қан тамырының немесе құрсақ нерв тізбегінің бойында орналасқан. 
Бұл бездер ерімейтін заттарды ұстап және жинап, дене қуысында қалған 
қатты бөлшектерді сіңіреді (фагоциттейді).
Сонымен қатар, зәр шығаруға "майлы дене" деп аталатын мүше де 
қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының көптеген жерлерінде 
клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар жұқа арнайы қабатпен 
қапталған. Осындай шоғырлардың жинағын "майлы дене" деп атайды. Оның 
клеткаларында көптеген май тамшылары және зәр қышқылының 
конкрециясы бар. "Майлы дене" тек қор заттарын жинаушы емес, сонымен 
қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қышқылын) жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет