Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Зерттеуші-педагог үшін қажет психология



бет39/41
Дата08.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#117722
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Глава 1новый

Зерттеуші-педагог үшін қажет психология. Ғалым-педагог үшін психологиялық зерттеу нәтижелері сондай ақ, тұлғаның психологиялық құрылы туралы білім аса бағалы болып табылады. Егер ондай білімдер жетіспесе,ол психологиялық зерттеуді педагогикалық зерттеудің ішінде жүргізуге құқы бар, бірақ та ол басқаны зерттеп, басқа туралы жаңа білім алады. Бұл басқа дегеніміз - әрекеттің түрлері, формалары, ондағы қарым-қатынастар жүйесі. Осындай әрекет - адамдардың бірлескен белсенділігінің бір түрі. Тек бұнда басқа ғылым бағытына көшу өте маңызды деп қосамыз. Уақытша педагог нағыз психолог-ғалым болып, осы ғалымның пәніне «еніп» және психологиялық зерттеу әдістемесін меңгеріп алады.
Әрекетті көрсетудің әртүрлі тәсілдері туралы осылай қаратуға болады. Психология мен педагогиканың ұқсастығы екеуінің де адам туралы ғылым қатарына жататындығы. Екеуінің айырмасы әрекет қарастыру қырларының әр түрлі болуында:психология әрекет аясындағы тұлғаның психологиялық құрылымын және адам психологиясын әрекетпен байланыстырып зерттейді. Педагогика болса, адам әрекетінің бір түрін өзінің ғылыми талдауының обьектісі етеді. Мұнда да ғылым мен практиканы ажырату керек
Ғылыми негіздеме түрлі ғылыми пәндерге қатысты білімдер аралық деңгейде қолданылады, педагогика ғылымына бағдарлана отырып,бірнеше деңгейдегі жүйеге келтіріледі. Ал педагогиканың зерделеу және негіздеу обьектісін құрайтын практикалық әрекетте іс басқа. Егер ғылыми білімдер теориясы қалыптастыру және педагогикалық нормаларды негіздеу мақсатында емес, мұғалімнің күнделікті жұмысының нақты кездерін ойластыру үшін пайдаланылса,онда олар педагогика ғылымының пәніне бағдарланған,реттелген жүйені құрай алмайды. Мұғалім білімдерді қажеттілігіне қарай, танымдық емес практикалық мақсаттарды қарастырады да,өзінің практикалық әрекетінде туындайтын міндеттеді басшылыққа алады. Оған кез-келген уақытта физиологияға, дидактикаға, әлеуметтануға, лингвистикаға, әдістемеге, психологияға және т.б жататын білімдер қажет болуы мүмкін. Мұндай білімдерді ол өз жұмысында туындайтын нақты жағдайға байланысты қолданады.
Бұл істі тындырымды және тиімді ету үшін оған, жеке алғанда,және психология саласында жақсы даярлық керек. Бірақ мұғалім даярлығындағы педагогикалық және психологиялық білімдерді бөлшектеу «психология педагогикалық ғылым» пайда болды дегені емес. Ал осындай даярлықты дұрыс ұйымдастыру үшін бір ғылымға, басқа ғылымға не жататынын білу өте маңызды. Енді педагогикада психологиялық білімдерді тиімді пайдаланудың бағыттары мен тәсілдерін сипаттауға көшеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет