Оқулықтар мен зерттеулер



бет5/5
Дата21.02.2022
өлшемі29,28 Kb.
#132642
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 - дәріс. Абайтанудың зерттеу кезеңдері

Төртінші кезең еліміздің егемендік алған уақытынан, яғни 1991 жылдан басталады.
Тәуелсіздік жылдарында Абай шығармашылығына арналған сандаған мақалаларды атамағанда, 1994 жылы шыққан “Абай және қазіргі заман” зерттеулер жинағы, ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ұлы ақынның дүниежүзілік деңгейде аталған 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген Абай шығармаларының екі томдық академиялық толық жинағы абайтанудың өзекті мәселелерін қамтыған жаңа көзқарастарымен ерекшеленді. «Абай» энциклопедиясы жарық көрді. Онан кейін де жекелеген ғалымдардың бірнеше еңбектері абайтану ғылымына қомақты үлес қосқаны елге мәлім. Олардың қатарында Ж.Ысмағұловтың «Абай: ақындық тағылымы» монографиясын, З.Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиясын, Қайым Мұхамедханұлының төрт кітаптан тұратын «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинағы мен «Абай мұрагерлері» аты зерттеу еңбегін, М.Мырзахметұлының «Абайдың адамгершілілік мұраттары», «Абай және Шығыс», «Абайтану тарихы», «Абайды оқы, таңырқа», «Әуезов және Абай», «Абайтану» еңбектерін, тілші-ғалым Р.Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі», фольклортанушы-ғалым С.Қасқабасовтың “Абай және фольклор», философ ғалым Ғ.Есімнің «Хакім Абай», М.Бейсенбаевтың «Абай және оның заманы» зерттеулерін, Абай өмірін зерттеуші-журналист Б.Сапаралының «Байшөгел», «Құнанбай қажы» атты кітаптарын атауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет